Өркениет

Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік актриса» атанды (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік әйел рөлі» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Лос-Анжелес(АҚШ) қаласында өткен 4-ші кезекті «Golden screen awards» марапаттау шарасында жылдың «Ең үздік киносы», «Ең үздік музыка», «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік әйел рөлі» сынды 4 номинация бойынша марапатталды.


Айта кетерлігі, «Golden screen awards» шарасы China Film Co Production корпорациясы, Hollywood Reporter және Америка кино қауымдастығының қолдауымен 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты - қытайлық және шетелдік кино студияның бірігіп түсірген үздік киноларын марапаттау.


Еске салайық, «Композитор» фильмінің тұсау кесері ағымдағы жылдың 17 мамыр күні елордада өткен болатын. Аталған фильм әлемдік өнерге елеулі үлес қосқан Қытайдың танымал композиторы Си Синхайдың өмірі мен өнер жолына арналған.


Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941-1943 жылдар аралығында) композитор Қазақстанда тұрып, қазақтың талантты композиторы Бақытжан Байқадамовпен дос болған. Картина екі ел арасындағы ынтымақтастық пен композиторлардың достығы туралы сыр шертеді.


Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және қытайлық «Shineworks Pictures», «China film coproduction corporation» компаниялары бірге түсірген.





Көрілген: 325    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31