Өркениет

«Аты бар, заты жоқ»: блогер Дәулет Мұқаев шаңырақ бағдарламасының шикіліктерін ашық айты

  • «Аты бар, заты жоқ»: блогер Дәулет Мұқаев шаңырақ бағдарламасының шикіліктерін ашық айты

    «Аты бар, заты жоқ»: блогер Дәулет Мұқаев шаңырақ бағдарламасының шикіліктерін ашық айты

Танымал блогер Дәулет Мұқаев үкіметке "Шаңырақ" бағдарламасының жөнді жұмыс істемей жатқандығын жеткізді. Ол биліктен екінші сатылымдағы үйлерді сатып алуға мүмкіндік жасауды сұрады деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Блогердің айтуынша, елімізде 5-10-20 бағдарламасының шартына сай тұрғын үйлер жоқтың қасы. 

"Шаңырақ" бағдарламасына екінші сатылымдағы үйлерді қосуды сұраймын! Бағдарлама шартына сәйкес тек жаңа үй алуға болады. 

Мысалы, Семей, Талдықорған, Қарағанды, Қостанай, Жезқазған, Павлодарда, Петропавлда осы бағдарламамен беретін жаңа үй жоқ. Бұл мен білетін қалалар ғана... Ал кей аймақтарда үйлер таусылуға жақын. Тағы да сандалған қарапайым халық. Бұл постты жазуыма оқырмандарым жіберіп жатқан хаттар түрткі болды. Бағдарлама жұмыс істемей жатса, показуға жасаудың қажеті қанша? Сол себептен де кезек 2020 жылға дейін жылжып отыр!", - деп жазады ол Instagram парақшасында. 

Дәулет Мұқаев "Шаңырақ" тұрғын үймен қамту бағдарламасына "өте асығыс қабылданған" деген баға берді. Ол барлық өңірлерге бағдарлама талаптарына сай үй салуды ұсынды. 

"Осы бағдарламаға вторичка (қолданыстағы - ред.) үйлерді қосуды сұраймын! Үйдің салынған жылына қандай да бір шектеу қойыңыздар. Мысалға тек 1990 жылдан бері салынған үйлерді алуға болады дегендей. Кезегін жылдап күткен жандар жоқ дегенде жаңа жылға дейін өз үйлерінде қарсы алсын. Аты бар, заты жоқ бағдарлама керек емес! Немесе бүкіл қалаға бірдей үй салыңыздар! Бағдарлама шикі! Өте асығыс қабылданған!!! Үй жоқ, бірақ бағдарлама бар", - дейді блогер. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, "Шаңырақ" бағдарламасымен 1986-2017 жылдар аралығында кезекке тұрған адамдармен қатар 2018, 2019 және 2020 жылдары өтініш тапсырғандар да қатысуға құқылы.




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31