Өркениет

«Ауырмайды жүрек» әнінің авторы Қайратпен қарым-қатынасын неге үзді?

  • https://kaz.zakon.kz/

    https://kaz.zakon.kz/

Қазір хитменге айналған әнші кезінде кімді көлеңкеледі? Бауыржан Есебаев «Ауырмайды жүрек» әнінің қаламақасын қалай саудалады? Қайратпен қарым-қатынасы күрт үзілген композитор өнердегі інісіне өкпелі ме? Бұл туралы sn.kz хабарлайды.

«Арман» – Қайраттың жұлдызын жаққан ән. Бұғанасы қатпаған бозбалаға осыдан 15 жыл бұрын дәл осы тректі табыстаған – Бауыржан Есебаев. Аталмыш хиттің авторы ол кезде Нұртастың ұлын танымал әнші емес, Саят Медеуовтің саясында жүрген жас өрен деп білетін.

«Қайратты сол кезде Саят Медеуовтің інісі деп айтатын. Расында Саят ағамызбен таныстығы, сыйластығы бар отбасы екен. Кейін Гүлзира әпкеміз мені іздеп келді. Сөйтіп, әрі қарай жұмысымыз жүріп кетті», – дейді сазгер.

Қайрат Нұртасқа бақ боп қонған әннің құны 15 жыл бұрынғы бағаммен санасақ, арзанға түспеген.

«Егер ұмытып қалмасам, «Арман» әнін 600 долларға саттым», – деп ашығын айтты Есебаев.

Қаламақысын сыр қылып сақтайтын Бауыржан Есебаев бұл жолы тағы бір хиттің құпиясын ашты. «Ауырмайды жүрек» әні бартер арқылы бағаланған екен.

«Егер ұмытпасам, «Ауырмайды жүрек» туындысын 500 долларға саттым. Сосын Гүлзира әпкеге Шымкентте бір тойыма кіріп беріңіздерші деп өтініш жасадым».

Алайда, «Ауырмайды жүрек» турнесі ауқымды аудитория жинаған шақта, Қайрат пен Есебаевтың қарым-қатынасы күрт үзіледі.

«Сенің жобаң немесе әншің белгілі бір деңгейге шыққан кезде, өмірде жолы болып өзін тапқан кезде, айналасында композитор да, дос та, дұшпан да көбейеді. Жалпы айтқанда, ол жерде өзің барып кірісіп кететіндей ештеңе жоқ. Ол өз жолын тауып кетеді. Сен өз жолыңды тауып кетесің. Себебі, ол жерде ұрыс-керіс болған жоқ. Ол биікте жүрген кезде менің ортам басқа. Сол себепті, мен ол биікте жүре алмаймын. Сондықтан оның өзінің араласатын сазгерлері бар. Қайрат солардан алып, солармен жұмыс жасап кетті», – дейді композитор.

Әйтсе де, өнердегі байланысқа нүкте қойылғанымен, өмірде аға мен інінің сыйластығына сызат түспеген. Таяуда әнші мен сазгердің шығармашылық бірлестігі қайта жанданса, таң қалмаңыз!

«Негізі жақында Қайрат пен продюсері Гүлзира Айдарбековамен шығармашылық байланыс орнатамыз деген ойымыз бар. Қандай тақырыпта жұмыс жасайтынымыз жөнінде бір отырып келіссек деп жоспарлап жүрміз. Тағы да бір уәделерім бар, соның бәрін жасасам деген ниетім бар», – деді Бауыржан Есебаев.

 




Көрілген: 3190    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.11.2019, 13:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31