Өркениет

Айгүл Иманбаеваның ұлы: Анамның жалғыз қалғанын қорқамын, тұрмысқа шыққанын қалаймын

  • Айгүл Иманбаеваның ұлы: Анамның жалғыз қалғанын қорқамын, тұрмысқа шыққанын қалаймын

    Айгүл Иманбаеваның ұлы: Анамның жалғыз қалғанын қорқамын, тұрмысқа шыққанын қалаймын

Сәбит Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған ұлы Асылжан анасының тағдырына алаңдалы. Әкемнің қасында адамы бар, енді анам жалғыз қалмаса екен дейді ол.
Бұл туралы "Опмай, опмай" бағдарламасында айтылды.

Асылжан жақында інілі болғанын хабарлап, халықтан сүйінші сұрады. Бұл әрекетін өзі түсіндіріп берді.

"Маған бұл туралы анам айтты. Сосын әкеме хабарласып құттықтадым. Әкем атын өзім қойдым деді. Әкем үшін қуаныштымын. Ертесі күні желіде өзім хабарладым. Себебі журналистер бәрібір жаңалықты тауып алады. Сондықтан біреудің аузынан қауесет секілді естігенше, менен естісін деп өзім жарияладым. Әкем үшін қуаныштымын. Себебі мен үйленсем де, анамның қасымда боламын. Анам мен әкемді қоса алмайтыным түсінікті. Қыздары жат жұрттық. Тұрмысқа шығып кетеді. Сондықтан ұл бала болған соң ерекше қуандым. Енді анам үшін алаңдап жүрмін. Анам жалғыз қалмаса екен деп уайымдаймын. Қазір білінбегенімен кейін жанға батады. Анамның тұрмысқа шыққанына еш қарсылығым жоқ. Егер адамы болса, бірге болғанын қалар едім", - деді Асылжан.

Асылжан інісін өз баласындай қабылдайды. Себебі арасы 21 жас. Ал, әкесі мен кенже баласының жас айырмашылығы едәуір үлкен.

"Хақназар 20 жасқа толғанда әкем шал болып қалады. Менің өзім 40-тан асамын. Сондықтан менімен ақылдасып өседі деп ойлаймын. Менің өзім ініме әке сияқты болармын деп ойлаймын. Інім емес, балам өмірге келген секілді болып жүрмін", - деді ағынан жарыла.  




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 17:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30