Өркениет

Айжан Нұрмағамбетова: Лидо мен 91 тобының стилі ұнайды

  • Айжан Нұрмағамбетова: Лидо мен 91 тобының стилі ұнайды

    Айжан Нұрмағамбетова: Лидо мен 91 тобының стилі ұнайды

Әнші Айжан Нұрмағамбетова жастардың стилін үнемі қолдайды. Қазақтың "Леди Гагасы" атанған әнші жастардың ішінде Лидо мен 91 тобын қолдайды. Олардың әні мен стилін ұнатады.

Бұл туралы "Ревю" арнасында айтылды. 

 
Айжан Нұрмағамбетова ерекше стилімен дараланады. Заманауи стильде киініп жүретін әншінің талғамы ерек. Әнші күнделікті киетін киімдерді сатып алса, сахнадағы көйлектерін тек тапсырыспен тіккізеді екен.

"Мен өмірде киіп жүрген киімдерді дүкеннен сатып аламын. Сахнаға киетін костюмдерді тіккіземін. Менің стилисім жоқ. Бәрі өзімнің талғамыммен жасалады. Ерекше образды қалыптастырған менің анам. Анам себепкер болып, мен ерекше стильді киімдер киюді үйрендім", - деді Нұрмағамбетова. 

Бір-бірімізді жақсы көреміз: Анатолий Цой әріптесі Анна Седаковамен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Айжан ханым сахнада 40 жыл жүрсе де екі ғана бейнебаяны барын айтты. Ән қоржынында бірнеше әндері бар. 

"Карантинге байланысты ән жаза алмадық, концерт бере алмадық. Сондықтан қазір осы жолда жұмыс істеп жатырмыз. Маған бірнеше сазгер әнін тарту етті. Қырық жыл жүрсем де, екі ғана бейнебаяным бар екен. Қаражат тапшылығы болып тұр. Демеушілерді ізде жатырмыз", - деді Айжан ханым. 

Айжан Нұрмағамбетова жастар арасында әнші Лидо мен 91 тобын ерекше жақсы көреді. Олардың стилін ұнатады. 

Айжан Нұрмағамбетова карантин кезінде азық-түлік тасып, қайырымдылықпен айналысты. Бұл әрекеті көпке үлгі болды дейді өзі. 

"Карантинде халыққа азық-түлік бердік. Үйде жатпай жұмыс істедік. Ауру жұғып кете ме деп қорықпадық. Кейбіреулер жылап, алғысын айтты. 90-ға толған қария туған күніне шақырды. Мені жақсы көретінін айтты. Осылайша көпшіліктен бата алдық", - деді әнші. 




Көрілген: 1461    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 14:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30