Өркениет

Айқын әйгілі «Гарри Поттер» кітабын қазақ тілге аударғандарға наразы (ВИДЕО)

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Белгілі әнші Айқын Төлепберген "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" кітабын қазақ тіліне аударғандарға ашулы. Ол instagram-дағы парақшасына видео жариялап, кітаптың аудармасын сынға алды, деп хабарлады opa.kz.

 

Әнші танымал Ж.К. Роулиңнің бестселлерін аударғандарды "шаш ал десе, бас алатын мамандар" деп атады.

 

"Оқып отырған кітапқа қараңыз. Біріншіден, "Роулингті" "Роулиң" деп аударудың қажеті не?! Одан кейін "Хәрри" деп жазыпты, оны "Гарри" деп жаза салса болмай ма? Неге аттарды өзгерткен? "Пәлсапа тас" деген "философский камень" ғой. "Философия" деген халықаралық сөз, оны "пәлсапа" деп аударудың не қажеті бар? Мынаны кім аударған? "Хәрридің бағына орай, Хәрмиона..." дегеннің орнына "Гарридің бағына орай, Гермиона..." деп қалдыруға болмай ма? Тілді құртып, қиындатып... Өзі әрең түсініп жатқан кітапты балама одан әрі қиындатқаны несі? Түсінбеймін осы. Шаш ал десе, бас алатын мамандар", - деді Айқын Төлепберген.

 

Әншімен бірге кәсіби аудармаға күлгендер қатарында әріптесі Рүстем Жүгінісов те бар. Айқынның айтқанына келіспей, кітаптың түпнұсқадан дұрыс аударылғанын түсіндіріп жатқандар да көп. "Хәрри Поттер және пәлсапа тас" кітабын қазақ тіліне аудару идеясының авторы Раиса Қадырқызы болса, әншінің сынына:

 

"Айқын, пандемия кезінде тым болмаса ағылшынша үйреніп алмадыңыз ба?" - деп жауап берді.

 

 

 




Көрілген: 2617    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 02:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30