Өркениет

Айнұр Тұрсынбаева: Көлігімді соққан баланы кешірмедім, 2 айдан соң менің қызым адам қағып кетті

  • Айнұр Тұрсынбаева: Көлігімді соққан баланы кешірмедім, 2 айдан соң менің қызым адам қағып кетті

    Айнұр Тұрсынбаева: Көлігімді соққан баланы кешірмедім, 2 айдан соң менің қызым адам қағып кетті

Айнұр Тұрсынбаева өмірдегі бумеранг заңы туралы ой қозғады. Айтыскер ақын біреуге жақсылық істесең де, жамандық істесең де, өзіңе қайта айналып келетінін айтып, өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Студент кезім. Демалыс күні жатақханада босқа жатпайық деп М құрбымның үйіне бардық. Ұйықтап жатқанбыз, айқай-шудан ояндық. Сөйтсек М-ның ажырасып кеткен жеңгесі дүниесін алып кетуге кеп жатыр екен. Түсінгенім келін кедейлеу отбасынан. Дүниесін тиеп алған келін есіктің аузында тұрып, "ертең мына 3 қызыңыз мен құсап дүниесін тиеп әкеп тұрғанда, менің шешемнің қалай қиналғанын түсінерсіз" деді де шығып кетті. Субхан Алла, 3 қыз да ажырасып келді. Бас-аяғы 7 немерені шешелері өле-өлгенше бақты. Былтыр қайтыс боларында "қыздарым, кешіріңдер, бәріне мен кінәлімін" депті.

Осыны естігенде басқа біреуге жамандық жасаймыз деп, өзімізге қастандық қылатынымызды түсіндім.

 
2003 жылы жақын құрбым ақшадан қатты қысылып, далада қалды. Жалдап тұратын пәтері қуып шықты. Сонда қалтамдағы соңғы 30 мың теңгеме 1 айға пәтер жалдап бердім. Және сол пәтерін төлеп бергенімді міндетсінгендей көп жұмсайтын едім. Содан ертесіне Қызылордаға айтысқа барып тұп-тура 300 мың теңге ұтып алдым.
Сонда берген садақамызды, шын мәнінде, өзімізге беретінімізді түсіндім. Садақа еш уақытта байлықты кемітпейді екен!

"Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның /жұмсағандарыңның/ орнын қайта толтырады. Ол ‒ ризық берушілердің ең қайырлысы" (Сәба" сүресі, 39-аят).

2016 жылы есіктің алдында тұрған машинамды біреу соғып кетті. Камера арқылы тапсам, 18 жасар бала екен. Правасы да жоқ. "Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым ғой, шешем білсе жүрегі ауырады, айтпаңызшы" деп жылады. Әрине, кешірмедім! Анасы да келді еңіреп. 1 айдай жүріп, машинаны жөндеп берді. Былай қарасаң менікі 100% дұрыс.

2 айдан соң 18 жасар менің қызым адам қағып кетті. Алла сақтағанда, жеңіл жарақат қана болған. Байқамай қалдым деп қызым еңіреді. Содан ана баладан күнде кешірім сұрайміз. Ол, әрине, кешірмейді. Сенесіз бе тұп-тура 1 ай дегенде кешіріп, татуласып тарқастық. Ал енді кімді кінәлаймын?!

Сол кезде біреуге жасаған қаталдықты өзімізге жасайтынымызды түсіндім.

Алла Тағала Құранда: "Кімде-кім тозаңның салмағындай жақсылық істесе, соның сауабын көреді. Кімде-кім тозаңның салмағындай жамандық істесе, соның зардабын татады", – дейді (Зілзәлә сүресі)", – деп жазды Тұрсынбаева. 

Айтыскердің сөзіне көпшілік қосылды. 

"Бұрында ата-әжелерміз айтушы еді, жақсылық істесең де өзіңе, жамандық істесең өзіңе" деп", "Рас, менің де талай көзім жетті", "Мына мысалыңыз маған мықты әсер қалдырды", "Бумеранг дегенге сенемін", – деп жазды олар.




Көрілген: 1269    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 14:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31