Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Айсараны жек көрудің қажеті жоқ": Енесіне қол көтерген актриса елге өтінішін айтты

30 қыркүйек 2022, 11:14

Дариға Бадықова "Келінжан" сериалында сомдауға қиын түскен сахна жайлы әңгімеледі. Ол Айсараның образын ашу үшін үлкен кісіге қол көтеруге мәжбүр болғанын айтып, елден Айсараны жек көрмеуді өтінді. Сөзінше, бұл сахнаны алып шығу өзіне де оңай соқпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көрермен көзайымына айналған отбасылық телехикаяның кезекті бөлімінде бетбақ Айсара енесіне қол көтеріп, күйеуі мен оның отбасына тіл тигізеді. Бұған шыдай алмаған Қылышбек әйелін шапалақпен тартып жібереді. Дариға Бадықова бұл сахнаны алып шығу өзіне де оңай соқпағанын айтып, халықтан Айсараны жек көрмеуді сұрады. 

"Осы сахна қиыын болды. Біраз дубль жасалды. Жаңа көріп отырып, жүрегім ауырды. Жақсы адамды ойнау оп-оңай. Жалмауызды ойнау қиын. Жеткізу үшін неше түрлі сезімді бересің. Өз жадыңнан шығу үшін, сөзді туғызып сөйлейсің. Өзім сеніп қалдым, бұндай товары құрсын деп. Бұны сабақ деп қабылдаңыздар. Бұндай іске жоламаңыздар.
Мен қарсылық білдірдім, үлкен кісіні бұлай ұрып жібермейді, ұят болады деп. Режиссер "ұрып жібергені былай тұрсын, енесімен жұлысатындар бар ғой өмірде" деді. Режиссер солай көріп тұрса, қарсы шыға алмайсың! Айсараны жек көрудің қажеті жоқ! Осы образбен алданған әйелдердің жанталасын, тығырыққа тірелгенін, басының дауға қалғанын көрсетті. Өмірде болған жағдай", - деп түсіндірді Бадықова.