Өркениет

Бағдат Қожахметов: Салтанат Қалиеваның менің әйелім болғаны өзінің соры

  • Бағдат Қожахметов: Салтанат Қалиеваның менің әйелім болғаны өзінің соры

    Бағдат Қожахметов: Салтанат Қалиеваның менің әйелім болғаны өзінің соры

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жеке өмірінен сыр шертті. Бірнеше жыл лауазымды қызмет атқарған шенеунікке тоқал болуға, екінші әйел алып беруге ұсыныс айтқандар көп. Алайда Қожахметовтың өз ұстанымдары бар. Әйелге адалмын деген ол әр азаматтың үш осыл тұсын айтып берді.
Бұл туралы Қожахметов "Талқылайық" бағдарламасында айтты.

Бағдат Қожахметов қазақ тілін көтеру туралы көзқарасын жиі желіде жазып, үн қосып келеді. Министрлік өкілі болғанымен әріптес, басшылық қызметте отырғандардың қателігін айтудан қорықпайды. Керісінде әр азамат өз позициясын ашық білдіру керек деген пікірде. Осы ретте шенеунік әр азаматтың үш осыл тұсын айтып берді.

"Әр азаматтың үш осал тұсы болады. Біріншісі - әйел, екіншісі - ақша, үшіншісі - билік. Менің әйелім бар, ақшам жетеді, билік жоқ қолымда. Маған діндар жандар арасында екінші әйел алу, демографияны көбейтуге ұсыныс айтқандар болды. Немесе тоқал болғысы елетін жас қыздар көп. Мен оның бәрінен бас тарттым. Әйелім емес, өзім қарсы болдым. Себебі әр азаматта бір ғана әйел болу керек деп ойлаймын. Демографияны ойлағандар өздері көбейте берсін", - деді ол.

Бағдат мырза өзінде билік жоқ екенін әр сөзінде айтып келеді. Билікке ақша не атақ үшін емес, басқа мақсатта бармақ.

"Билікке ақша үшін емес, өз үнімді қосу үшін ұмтыламын. Билікке барғанда да осындай көзқараста боламын. Шенеуніктердің ішінде Бақытжан Сағынтаевты құрметтеймін. Ал, Алексей Цойдың қоластында жұмыс істегендіктен, мен оны мақтап не даттай алмаймын. Ол туралы пікір айтпаймын", - деді Қожахметов.

Медиа саласының маманы бірнеше жыл БАҚ-та жұмыс істеді. Басшылық қызмет атқарды. Ол өз тәжірибесі барысында көргендей, журналистер арасында да "сатылатын журналистер" барын айтады.

"Біз ақпарат саласында жүріп талай нәрсені көрдік. Журналистер арасында да сатылатын журналист болады, сатылмайтын журналист болады. Біреуді мақтау арқылы ақша алатындар болады. Немесе біреу туралы жаман ақпаратты жариялаймын деп бопсалау арқылы ақша алатындар болады. Ондайдың бәрін көріп келдік. Мен 31 арнаға жаңадан басшы болып келгенде, "Айтысты" эфирден көрсетпедік. Себебі президент әкімшілігінен хабар түсті. Айтысты билікті көп сынағандықтан оны алдырып тастады. Біз "Айтысты" түсіргенімізбен, эфирден көрсетпедік. Кейін таспаны жоғалтып алдық. Ол үшін халықтан, Жүрсін Ерманнан кешірім сұраймын. Ол үшін өкінемін. Бірақ оның бәрін кейін басқа қызметтеріммен ақтадым деп ойлаймын", - деді ол. 




Көрілген: 1211    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 17:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30