Өркениет

Балжан Бидашқа үлкен жігіттерге берілмегені үшін "орден" табысталды

  • Балжан Бидашқа үлкен жігіттерге берілмегені үшін

    Балжан Бидашқа үлкен жігіттерге берілмегені үшін "орден" табысталды

 Балжан Бидаш КешYou тобында 4 жылға жуық ән салды. Топқа алғаш қабылданған кезде Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен Жұлдыз Өмірғалимен бір ұжымда жұмыс істеді. Қос бикеш Айқын мен Дәуреннің етегінен ұстап кеткеннен кейін, жаңа қыздармен жұмысты қайта бастауға мәжбүр болды.


"Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей Балжанға ерекше сый жасады, деп жазады Stan.kz.


Ол өзін лайықты ұстап, үлкен жігіттерге берілмегені үшін Балжанға "орден" табыстады.


"17-18 ғасырларда бір елдің үш бірдей қызына басқа елдің үлкен жігіттері көз салады. Шапқыншылық жасап, басып алғысы келеді. Қанша уақыт келіп жүргенін білмедім. Бірақ оқиға қорытындысы бойынша, басқа елдің шапқыншы жігіттері сол елдің екі қызын алып қашады. Тек бір қыз ғана қайсарлық, өжеттік танытып, өзінің ақылдылығы мен көрегендігін алға қойып, сол үлкен жігіттер шапқыншылық жасаған кезде тойтарыс беріп, төтеп бере алған екен.


Шайқасады, жұлысады, үлкен жігіттерге берілмейді. Ол қыздың ауылда аты шығады. Батыр, өжет қыз екен. Қаншама қыздарымыз осындай болса, біздің ауылымызды ешкім басып алмайды. Бірақ ешкім ол қыздың еңбегін бағалап, ешкім марапаттамайды", - деген Қайрат Әділгерей бұдан кейін Балжанға "Қайсар қыз" атты орден табыстады.


Аңыздың астарын түсінген Балжан жүргізушіге ризашылығын білдіріп, осы медальді алу үшін барын салғанын атап өтті.


Stan.kz.




Көрілген: 1226    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 20:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31