Өркениет

Баян Алагөзова Қарақат Әбілдинаға "Секс ауылда" сериалына түсуге ұсыныс жасады

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Продюсер Баян Алагөзова әнші Қарақат Әбілдинаға "Секс ауылда" сериалында басты рөлді сомдауға ұсыныс жасады. Бұл продюсер қонақ болып, сұқбат берген "Немишлен" бағдарламасында орындалуы шарт ойынның түрі болған.


Ойын шартын таныстырған бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан Баянға үш қағаздан біреуін таңдауды сұрады. Ал продюсер Қарақат Әбілдинаның аты-жөні келтірілген қағазды суырып алды. Сөйтіп оған қоңырау шалды. Арадағы диалог былай өрбіді:


- Қарақат қалайсың, жағдайың қалай?


- Баянсың ба? Қазір ғана сіз туралы жазып жатыр едім. 9 жыл бұрын ұйымдастырған жобаңыз туралы жазып жатқам мақтап...


- Ой, рақмет көңіліңе Қарақат!


- Айта бер енді...


- Мен бір фильм түсіргелі жатырмын, идеясы енді күшті. Енді бомба болады. Қарақат, ол арада бір ыңғайсыз сахна бар, беріліп тұрып жігітпен сүйісу керек.


- Ойбай, не деп тұрсыз... (күледі)


- Қарақат, мен кез келген гонорарды қарастыруға дайынмын, тек сен келіссең болды.


- Біріншіден, мен мұны шешпеймін. Екіншіден, бұл өте қиын жағдай...


- Мен де сол қиындығына қарай көп ақша қарастырайын деп тұрмын ғой. Операторым Германиядан болады, ал басты актер Голливудтан, бірақ атын атай алмаймын қазір. Өйткені келісімшарт әлі жүріп жатыр.


- Менің табиғатыма келетін рөл болса, келісер едім ғой...


- Иә, саған келіп тұр ғой...


- Бірақ қолымнан келмейді ғой.


- Сонда не, Қарақат сүйісе алмайсың ба, онда тұрған не бар?


- Жоқ, ол менікі емес. Ауылдан шыққан қызбын ғой.


- Қыдырәлімен сөйлесіп көрсеңші. Ол бизнесмен ғой. Жақсы гонорар қоямын. Маған сен ғана керексің. Өйткені кинода шетелдік жігіт Қазақстанға келеді. Сөйтіп 32-33 жастағы қазақ қызымен танысады ауылдан шыққан. Шашы ұзын, ән айта алатын, жетігенде ойнайтын. Соған ғашық боп, ол Қазақстанда қалып қояды. Бірақ ол арада сүйісу керек міндетті түрде. Әйтпесе олардың махаббатына көрермен сенбейді.


- Қойшы...


- Ол Бред Питт болуы да мүмкін.


- Мен киноға түсіп көрмеппін...


- Бреди Питпен сүйісу азаматтық борышың деп те білуге болады негізі. (қалжыңдап)


- Міндетті түрде сүйісу керек пе?


- Не істесем екен ә? Бірақ мұны мен шешпеймін ғой. Қыдырәлі өзіңе жолықсын, сөйлесіп көріңдер өздерің. Мен қорқамын ғой сүйісуден. Ауылда өскен қызбын. 40-қа келгенде оның үстіне. Баламның жасы өзі 17-ге келген. Сондай фильмге түссем енді, ойбай не болады?


- Қарақат сен ойлан, мен тағы бір хабарласам.


Айта кетсек, Баян бағдарламадағы ойын шартын орындамаса жазаға кесілуі тиіс болатын. Мәселен, ойын шартын орындаудан бас тартқан спортшы Серік Сәпиев жазаға кесіліп, осының алдындағы бағдарламалардың бірінде секс жаттықтырушының киімін киюге мәжбүр болған екен.


Sputnik


 




Көрілген: 3210    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 16:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31