Өркениет

Боратқа ескерткіш қойылды: Австралия мен Ұлыбританияда Қазақстанның туын ұстаған "Бораттар" шеру өткізді (видео)

  • Боратқа ескерткіш қойылды: Австралия мен Ұлыбританияда Қазақстанның туын ұстаған

    Боратқа ескерткіш қойылды: Австралия мен Ұлыбританияда Қазақстанның туын ұстаған "Бораттар" шеру өткізді (видео)

Австралияның Сидней қаласындағы ең әйгілі Бондай Бич жағажайында «Бораттың сыңарларыы» атты шеру өтті. Бұл туралы PerthNow басылымы хабарлайды, деп жазады Stan.kz.

Бораттың шашы секілді парик пен маскини (медициналық маска түріндегі манкини) киген 40 ер адам йога сеансын өткізді.

 Аталған орында Қазақстанның туы байқалады. Бораттың алты метрлік мүсіні де жағажайдан алыс емес жерде орнатылды. Үлкен мүсін арнайы тікұшақ көмегімен жеткізілді. Ол жағажайға жақын орналасқан Сиднейдегі Маркс-паркінде 24 сағат бойы тұрды. Жергілікті уақыт бойынша 23 қазан, жұма сағат 11-ге дейін тұрады деп жоспарланған.

Борат рөлін сомдайтын Саша Барон Коэннің бейне хабарламасы интернетте жария болды. Видеода ол мүсіннің Мельбурндегі 14 күндік карантинде болғанын, қазір босатылғанын атап өтті. Бірақ төрт күзетші онымен «жыныстық қатынас» жасаған соң сифилис жұқтырғанын мәлімдеді. 

Мүсінді тікұшақпен Маркс-паркіне апарған сәтті жергілікті БАҚ көрсетті. Шамасы, флешмоб пен мүсінді орнату «Бораттың» екінші бөлімінің премьерасы жоспарланған Amazon Prime стримингтік қызметінің ресми жарнамалық науқаны болса керек.

Фильмнің шығуына орай акция Лондонның орталығында да өтті. Саша Барон Коэннің "сыңарлары" Қазақстанның туымен Темза бойымен жүзіп өтті. Борат мүсіні бар баржа Ұлыбритания астанасының басты көрнекті жерлері, оның ішінде Лондон мұнарасы арқылы жүзді.

Stan.kz.




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 23:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31