Өркениет

«Бөрте» спектаклі көрермен көңілінен шығып, өрісті болатынына сенімдімін – Бауыржан Байбек

  • «Бөрте» спектаклі көрермен көңілінен шығып, өрісті болатынына сенімдімін – Бауыржан Байбек

    «Бөрте» спектаклі көрермен көңілінен шығып, өрісті болатынына сенімдімін – Бауыржан Байбек

«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысымен танысып, бірқатар әлеуметтік, мәдени нысандарда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

 
Бауыржан Байбек сондай-ақ, Түркістан музыкалық драма театрына барып, белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің пьесасына қойылған «Бөрте» спектаклін тамашалады. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше жыл бұрын Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған тарихи шешімі киелі қаланың өркендеуіне зор серпін берген ерекше маңызды оқиға болды. Түгел түркі тәу етер көне қала жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін құрылыс қарқынды жүріп, қысқа уақытта шаһар келбеті қайта түледі. Зәулім ғимараттар мен заманауи әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтерді. 

Солардың бірі – қасиетті қалада Елбасының қолдауымен салынып, пайдалануға берілген Түркістан музыкалық драма театры. Бұл мәдени нысанның ашылу рәсіміне Тұңғыш Президенттің өзі арнайы қатысып, театр ұжымымен кездескен болатын. 

Оңтүстік өңірге жұмыс сапары барысында осынау өнер ордасына барып, театр шымылдығын тұңғыш ашып отырған белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің пьесасына қойылған «Бөрте» спектаклін тамашаладым. Көрермендер қатарында республикамыздың белгілі зиялылары, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ өңірдің кәсіпкер меценаттары түгелдей дерлік болды.

 

Қойылымға арқау болып отырған Бөрте – әлем тарихындағы бірегей тұлға, дүниені дүр сілкіндірген ұлы қолбасшы Шыңғысханның жан жары. Қазақ хандығын әйгілі Алтын Орданың ізін басқан мұрагері санасақ, оның негізін қалаған Жошы ханның анасы – осы Бөрте ханым. Осынау ғажайып тұлғаның өмірін өзек еткен бұл қойылым тарихи астары терең, тәрбиелік мәні зор туынды ретінде көрермендердің көңілінен шығып, өрісті болатынына сенімдімін. 

Кез келген қаланың мәні мен мазмұнын арттыратын, интеллектуалдық деңгейін өсіретін сала – мәдениет, білім ошақтары мен көрнекті орындар. Осыған орай «Nur Otan» партиясының Түркістан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында туристік нысандар мен киелі орындарды дамыту, Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру, көрнекті тұлғалары мен тарихи мұраларын танымал ету секілді көптеген жобаларды іске асыруға ықпал ету көзделген. Қазіргі таңда Түркістан музыкалық драма театры, «Ұлы дала» орталығы, «Farab» кітапханасы, Этноауыл, «Керуен-сарай» туристік кешені және т.б. іске қосылған. 

Қашанда «Nur Otan» игі істердің басынан табылып, елге қажетті бастамаларды тынымсыз атқара бермек», – деп жазды Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында.




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 12:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30