Өркениет

"Бөтен адамның шашы мен тырнағы шықты": Айгүл Мүкей өзін дуалаған адам жайлы айтты

  • "Бөтен адамның шашы мен тырнағы шықты": Айгүл Мүкей өзін дуалаған адам жайлы айтты

Айгүл Мүкей көз тиюден қорқатынын айтты. Танымал тележүргізуші басынан өткен оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz .

Айгүл Мүкей бұрын көз тиюге сенбеген. Алайда осыдан 20 жыл бұрын басынан өткен оқиға тележүргізушінің ойын түбегейлі өзгерткен. 

"Көз тиюден қорқатын болдым. Бұрын сенбейтінмін. Бұл ахалай-махалай ақылға қонымсыз, өткен ғасырдың көрінісі деп ойлайтынмын. 
Бірақ балалы болған соң, өмірге деген көзқарас өзгереді екен.

 
Бір жолы грим бөлмесінде трикотаж көйлегімді ұмытып кеттім. Өзім пиджак пен белдемше киіп, эфирден кейін үйге қайттым. 


Айгүл Мүкей: Мен қазақтың ырым-тыйымдарына сенетін болдым


Кейін сол көйлегімді алып, Бішкекте тұратын құрбыма бардым. Екеуміз кездестік, құшақтастық, бір кезде ол өзін нашар сезіне бастады. Анық-қанығы есімде жоқ (20 жылдай бұрын болған оқиға). 

"Көйлегіңді берші" деді. Алып, етек жағын үтіктеді. Етегін, түсінесіздер ме? Етегіне бөтен адамның қиылған шашы мен тырнақтары салынған болып шықты. Фууу... Есіме түссе, өзімді нашар сезінемін", - деп жазды Айгүл Instagram-дағы парақшасында.

Белгілі нумеролог Клара Күзденбаева Айгүлдің жазбасына қатысты ойын айтты. Ол мұның көз тиюге жатпайтынын ескертті. 

"Байқаусызда көзі өтіп кететін адамдар болады. Бірақ мына жағдайда, Айгүл, бұл көз тию емес, қолдан жасалған іс, дуа. 

Өзім скептик болсам да, дуаның қашан да бар болғанын айтқым келеді. Мыстандарды бекерден бекер отқа өртемеген. Қазіргі уақытта сиқыр мен дуаға қатысты әдебиеттер қолжетімді. Соларды қолданып, дуалайды", - деді ол.
 




Көрілген: 705    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 13:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31