Өркениет

"Бірінші күйеуім түрмеден шыққанда бәрі жақсы болады" - Баян Алагөзова

  • "Бірінші күйеуім түрмеден шыққанда бәрі жақсы болады" - Баян Алагөзова

Баян Алагөзова ұзақ үзілістен соң сұхбат берді. Продюсер отбасы, алдағы жоспарлары мен шығармашылығы жайлы айтты. Болған оқиғаға қарамастан, продюсер бірінші күйеуіне күн сайын дұға етіп отыратынын да жасырмады. Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасында айтылды, деп жазды paryz.kz.

Ол қазір отбасында зорлық көрген әйелдер туралы кино түсіріп жатыр екен. Бұндағы мақсаты &ndash қазақ әйелінің проблемасын әлемдік деңгейге көтеру. Қысқасы, Баян Мақсатқызы өз басынан өткен оқиғадан соң әйел мәселесін мықтап тұрып қолға алған.

"Әйел мәселесін қолға алу, еліміздегі әйелдерге көмектесу үшін өзім осындай оқиғаға тап болған шығармын деп ойлаймын. Өткен оқиға үшін өкінбеймін. Бірінші күйеуіме бақыт тілеймін. Ол үшін күнде дұға етемін. Ол &ndash жас, дені сау. Ақымақ адам емес. Ол керемет әке болды. Ол керемет күйеу, анасына керемет бала болды. Оны жаман деп айта алмаймын. Сондықтан түрмеден шыққанда бәрі жақсы болады деп сенемін. Оның да бақытты болғанын қалаймын", - деді Алагөзова.
Салыстырмалы түрде, Баян Мақсатқызы бірінші күйеуінің өте қызғаншақ адам болғанын, ал қазіргі жолдасы Тұрсынның өте сабырлы екенін айтты. Сондай-ақ, ол ауыр соққыдан кейін 2 жылдай өзіне келе алмай жүргенін айтып, сол кезде қасында болғаны үшін қазіргі жолдасына алғысын білдірді.

"Мен екі жыл өзіммен ғана айналыстым. Қыздарымның қайда жүргенін, не істеп жатқанын білмедім. Олар туралы ойлауға шамам келмеді. Екі жылдан кейін ғана "екі жыл бұрын не істедіңдер?" деп сұрадым. Олардың жанында ата-анам болды. Екі жыл бойғы азабымды жолдасым көрді. Жылағанымды да, қиналғанымды да сол көрді. Жанымды болды. Мені қолдады", - деді Баян Алагөзова.

paryz.kz.




Көрілген: 4994    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 09:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28