Өркениет

«Бұл балабақшаның әңгімесі емес»: Есмұхан Обаев театрдағы жағдай жайлы қауесетке нүкте қойды

  • «Бұл балабақшаның әңгімесі емес»: Есмұхан Обаев театрдағы жағдай жайлы қауесетке нүкте қойды

    «Бұл балабақшаның әңгімесі емес»: Есмұхан Обаев театрдағы жағдай жайлы қауесетке нүкте қойды

Халық әртісінің айтуынша, театрдың творчестволық жағы жұмыс істеп тұр. Ал театр төңірегінде шу шығарғандар – творчестволық мүмкіндігі аз адамдар.

94 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі Есмұхан Обаев өнер ордасы төңірегіндегі әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

 "Неге театр жайында жалған ақпарат тарап жатыр? Театр қызметкерлері көтеріліп, жұмысқа шықпай қойды дегенді қайдан шығарып алды? Қашан ондай жағдай болыпты", - дейді театр қайраткері, режиссер Есмұхан Обаев.

Соңғы айда театр төңірегінде азды-көпті әңгіме тарап, театр қызметкерлері министр тарапынан қысым көріп жатқанын, әкемтеатрдың директоры Сәбит Әбдіхалықовты қызметінен алып тастағалы жатыр деп дау шығарған болатын. 

 "Театрдың директоры – Сәбит Әбдіхалықов. Ол жайлы айлап әңгіме жүріп жатыр. Көкем-ау, ол ауырып, емделіп жатыр ғой. Оны ешкім жұмыстан шығарған жоқ. Жұмысқа шықпай қалған бір адам жоқ. Қай күні кім жұмысқа шықпай қалыпты? Қай спектакль белгіленген күні қойылмай қалды? Факт жоқ", - дейді халық әртісі.

Обаев министрдің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты жайлы да айтып өтті. Оның айтуынша, жиналғандарға министрдің өзі бәрін түсіндіріп кетті. Тарап жатқан әңгіме театрдың атына кір келтіреді.

"Министрдің өзі келді, түсіндірді. Ал директор жұмыс істеп жатыр, оны ешкім шығарған жоқ. Оны шығара да алмайды, себебі ауруханада жатыр. 26 ақпанға дейін ондай бұйрық шыққан жоқ. Шындықты неге бұрмалайды? Бұдан ешкім ештеңе таппайды, тек театрдың атына сөз келеді. Өмірде ым-дымы шықпаған, 94 жылдан бері жұмыс істеп жатқан театрға қара жауып, жеп жатыр дейді. Бір директор жеген емес. Мәмбетовтен бастап, мен де осы жерде 15 жыл директор болған адаммын. Мұндай артық әңгіме театрға жақсы ат әкелмейді. Бұл балабақшаның әңгімесі емес, бұл – мемлекеттік академиялық театр. Фестивальдер өтіп жатыр, спектакль жүріп жатыр", - дейді Обаев.

Халық әртісінің айтуынша, театрдың творчестволық жағы жұмыс істеп тұр. Ал театр төңірегінде шу шығарғандар – творчестволық мүмкіндігі аз адамдар.

"Театрда апат жоқ. Мұнда күндіз-түні Құдайға құлшылық ететін адамдар жұмыс істейді. Бұл театр – таза. Артық ауыз сөзбен бықсытудың керегі жоқ. Театр таза ниеттің, Құдайшылықтың, ұяттың орны. Ол жерде бықсық жүре алмайды", - деді ол.

 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.03.2020, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31