Өркениет

"Біздің ұлымыз бар": Маржан Арапбаева ешкім білмейтін құпиясын бөлісті

  • "Біздің ұлымыз бар": Маржан Арапбаева ешкім білмейтін құпиясын бөлісті

 Маржан Арапбаева ешкім білмейтін құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.


Танымал әншінің үш қыздың анасы екені бәрімізге белгілі. Екінші рет тұрмыс құрған оның отбасылық жағдайы қазір жақсы. Алайда, жұрт әншіге неге жарыңызға ұл туып бермейсіз деп жиі сұрақ қоятын секілді. Осыған орай Маржан Арапбаева көпшіліктен жасырған құпиясымен бөлісіп, күйеуі екеуінің ұлдары бар екенін айтты. Оған қоса, әнші екінші жарының тағдыры қаншалықты қиын болғанын жеткізді.


"Біздің ұлымыз бар. Көбісі сіз 3 қыздың анасысыз ғой, ұл бала қайдан пайда болды деп айтып жатады. Ерекеңнің бірінші некесінен, артынан ізін басып келе жатқан ұлы бар. Есімі - Даниял. 14 жаста. Бізбен бірге тұрмайды. Ерекеңнің өмірінде ауыр жағдай болған, жұбайынан айырылған", - дейді Маржан Арапбаева.


Әнші туған баласы болмаса да, Даниялды өз баласындай көретін сыңайлы. Ата-енесінің қолында өскен Даниял қазір күйеуінің ұлы емес, інісі сияқты болып кеткен. Осылайша, Маржан Арапбаева ағынан жарылып, ішіндегіні жайып салды.


"Жылдың үздік күйеужігіті": Әзілкеш Нұрболхан Шарапов қалыңдығын ұзатып әкелді >>>

"Сол сәтте Ерекең де өмір мен өлімнің арасында жансақтау бөлімінде жатқан кезде, баланы ата-анасы алып, кішкентай кезінен тәрбиеледі. Немере емес, ұлдары сияқты. Сол себепті, Даниял Ерболдың ата-анасымен бірге тұрады", - дейді Маржан Арапбаева.


Stan.kz




Көрілген: 1304    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 23:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31