Өркениет

Димаш Құдайберген Қазан әуежайын дүрліктірді - видео

  • © Sputnik / Григорий Сысоев

    © Sputnik / Григорий Сысоев

Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді Қазан әуежайында жанкүйерлері ерекше қошеметпен қарсы алды.

 

Қазан қаласына Димаш ата-анасы Светлана мен Қанат Айтбаевтармен бірге ұшып келді. Жанкүйерлер оларды күтіп алуға тыңғылықты дайындалған екен. Димаштың келе жатқанын алыстан көрген фанаттар оның есімін дауыстап айтып, қол соғып қарсы алды. Сондай-ақ, үлкен торт әзірлеп, гүлдер мен сыйлықтар ұсынды. Арасында башқұрт ұлттық музыка аспабын сыйға тартқандар да бар.

 

 

"Біз Сіздің Татарстанға келуіңді тағатсыздана күттік. Қазанға қош келдіңіз! Біз сізді қатты жақсы көреміз!", - деген жанкүйерлердің сөзіне Димаш өзінің қарапайым ғана қалпымен өз ризашылығын білдірді.

 

Димаш әуежайға жиналғандардың ішінде еңбек ардагеріне ерекше ізет көрсетті. Қарияның қолын зор ілтипатпен алып, қара көзілдірігін шешіп суретке түсу арқылы риясыз құрмет-қошеметін сездірді.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/tv/B8xdEL9i4k1/

 

Сүйікті әншісін қарсы алуға келгендердің ішінде Татарстан тұрғындары ғана емес, Канада, Финляндия және Қазақстан азаматтары бар. Жанкүйерлер Димаш көлікке отырып, жүріп кеткенше "Махаббат бер маған" әнін шырқады.

 

Айта кетейік, 16 ақпанда Ресейдің Краснодар қаласынан басталған Димаш Құдайбергеннің ARNAU TOUR 2020 туры Қазан қаласында жалғасын тапты. Одан кейін әнші Екатеринбург, Рига, Мәскеу, Киев, Гамбург, Дюссельдорф, Прага, Штутгард және Минскте концерт береді.

 

Димаштың Ресей мен Еуропадағы жеке концерті

 

ARNAU TOUR 2020 аясында Димаш Құдайбергеннің Ресей мен Еуропада 11 концерті өтеді деп жоспарланған, оның екеуі Ресейдің Краснодар мен Қазан қалаларында өтті:

 

2020 жылдың 23 ақпаны, "Екатеринбург-ЭКСПО" конгресс орталығы, Екатеринбург, Ресей;

2020 жылдың 7 наурызы, Арена Рига, Латвия;

2020 жылдың 9 наурызы , "Мегаспорт" спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;

2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;

2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;

2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;

2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;

2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;

2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.


 

sputnik




Көрілген: 1393    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 16:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30