Өркениет

Димаштың коронавируспен күреске арналған әні алтын сертификатқа ие болды

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Дүниежүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің коронавируспен күреске арналған әні Қытайдың музыкалық платформасында алтын сертификатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Димаш Құдайбергеннің «We Are One» әні Қытайдың QQ Music платформасында алтын сертификатты иеленді. Жанкүйерлерінің қолдауының арқасында сингл 1 млн танымалдылық индексін жинады», - делінген Instagram-дағы dimash.news парақшасында.

 

Димаш коронавирус пандемиясына қарсы күреске ән арнағаны бұған дейін хабарланған еді. «We Are One» (Біз біргеміз) атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы – Ухань қаласы – дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетілген.

 

Видео соңында аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскаларын шешіп тастаған балалардың мәз-мейрам кезі көрсетілген. 




Көрілген: 1035    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30