Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" туралы шындықты айтты

Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" туралы шындықты айтты

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасының не себепті эфирге шықпай кеткенін айтты. Жоба ұжымының 22 ақпанға дейін үзіліс алуына кім немесе не түрткі болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Атышулы бағдарламаның көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін оны сы күнге дейін тізгіндеп келе жатқан Дина Төлепбергеннің өзі түсіндірді.

 

Тележүргізуші бұл мәселеге қатысты өзінің Instagram парақшасында қысқа әрі нұқса жауап беріп өткен.

 

"Неге "Астарлы ақиқат" эфирге шықпай жатыр дегендерге жауап- менде саббатикал. Ол 22 ақпанға дейін жалғасады" , - деп жазды Дина Төлепберген.

 

Айта кетейік, саббатикал дегеніміз бірнеше айға созылған демалыс болып табылады. Оны әдетте эмоциналды тұрғыда күйзеліске түскен қызметкерлер алады. Алайда, олар демалып алған соң, қызметіне қайтадан қызу кіріседі.

 

"Астарлы ақиқаттың" соңғы шулы шығарылымдары Дина Төлепбергенге ерекше әсер етіп, оның үзіліс алуына себепкер болса керек. Оның жариялаған саббатикалы осы айдың 22-не дейін созылмақ. Бұл жайт оның желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды. Олардың кейбірі тіпті әлдекімдердің бағдарламаны жауып тастамақ екенін болжап жазды.

 

"Дауыл алдындағы тыныштық", "Жауып тастамайды ма сіздерді? Алаңдап жатырмыз" , "Сол күйі шықпай кетпесеңіз болғаны" , "Үзіліс алған ғой" , "Сіз үшін алаңдаулымыз. Соңғы эфир сізге қатты әсер еткені көрініп-ақ тұрды. Жылап жіберуге аз қалдыңыз" , "Мықты болыңыз" , - деп жазуда халық.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста