Өркениет

Динара Сұлтан фонограмма туралы ойын білдірді

  • https://gakku.kz/

    https://gakku.kz/

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан фонограмма туралы заңға қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі бұл бастаманы толығымен қолдайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Динара Сұлтан өзге әріптестеріне қарағанда фонограммамен ел алдында ән шырқауды аса ұят нәрсе санайды.

 

Эстрада жұлдызының сөзінше, оған тек телевизиялық түсірілімдерде жүгіну керек. Сол себепті, әнші соңғы кезде қызу талқыға түскен фонограмма туралы заңға қатысты өз пікірін білдірді.

 

Бұл туралы ол НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты.

 

 "Мен фонограмманы алып тастауға бағытталған заңды толықтай қолдаймын. Өйткені, фонограмма ол халықты алдау деп есептеймін. Сенің өнеріңді тамашалауға келген халыққа "фонограммамен айтып тұрмын" деудің өзі ұят нәрсе. Фонограмманы тек телевизиялық түсірілімдерде, дыбыс жетпей қалатын жобаларда ғана қолдану керек" , - деді Динара Сұлтан.

 

Айта кетейік, фонограмма туралы заң отандық жұлдыздар арасында қызу талқыға түскен. болатын.

 

Эстрада өкілдері бұған дейін фонограммаға тыйым салатын жаңа заңға қатысты қандай пікірде екендерін ашық айтқан еді.

 

Кейбір әншілер өнерді заң жүзінде қадағалауға қарсылығын ашық білдірсе, кейбірі онда тұрған ештеңе жоқ деген ой түйді.

 

Сонымен қатар фонограммамен қоса, енді концертте сахна мәдениеті туралы ұмытқан әртістерге айыппұл салынбақ. Кеште мас күйінде ән айтқандар, балағат сөздер білдергендер заң алдында жауапқа тартылады.

 

 

 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28