Өркениет

«Екіжүзді!» Меруерт Түсіпбаева шоу-бизнес өкілдерінің бет-пердесін ашты

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Әрдайым тек ақиқатын айтатын Түсіпбаева бұл жолы отандық шоу-бизнес өкілдерінің шынайы бет-пердесін ашты, деп хабарлайды shownews.kz ақпараттық порталы.

Тік мінезімен жұрттың жиі талқысына түсетін Түсіпбаева, бұл жолы шоу-бизнес өкілдерінің шынайы бет-пердесін ашты. Әрдайым ақиқатты айтатын әншінің пайымдауынша, көк жәшіктен жарқырап көрінетін жұлдыздардың жасандылыққа жаны құмар!

«Барлығы жасанды адамдар. Шындықты ешкім жақсы көрмейді ғой. Көбінесе мен қазақтың әдемі, ибалы, инабатты қызымын. Мен күйеуіме «сіз» деп сөйлеймін. Мен ата-енеммен керемет қарым-қатынастамын деген сияқты. Біздің қазақтар сондайды жақсы көреді ғой», – деді Меруерт.

Түсіпбаеваның өткір пікірімен атышулы Ақбота мүлдем келіспейді. Сейітмағамбеттің сөзінше, өнер мен өмірдегі болмыстың арасында айырмашылық болуы тиіс. Мәселен, бұл бикеш үйде – келін, шоу-бизнес өкілдері арасында – нағыз әртістің кейпіне енеді екен.

«Мысалы үйдегі Ақбота басқаша. Мен келінмін, ата-енемді сыйлаймын, көп сөйлемеймін деген сияқты ғой. Ал, мында әріптестеріммен әзілдесемін, қалжыңдасамын. Басқаша болу керек деп ойлаймын. Халық бізден өнеге алады, біз сияқты болғысы келеді. Сондықтан да, беталды қылтың-сылтың дұрыс емес. Жұмысқа келгенде басқаша болу керек. Үйдің адамы бөлек болу керек, жұмыстың адамы бөлек болу керек қой», – дейді Ақбота.

Сын айтса, ешкімнің бет-жүзіне қарамайтын Меруерт ханымға бірбеткейлігі талай кесірін тигізген көрінеді. Камера алдында ешкімнен қымсынбайтын өнер иесі, талай әріптесімен қарым-қатынасы бұзылғанын айтады.

«Маған сұрақ қойылғаннан кейін шынында да менің өтірік айтқым келмейді. Бірақ шындық ешкімге жақпайды. Сол үшін кейбір әріптестер менімен амандаспайды. Маған ренжіп жатады. Мен туралы былай айтады дегендей. Шынымды айтсам ешкіммен барып бет жыртысқан адам емеспін. Ешкіммен барып ұрсысқан адам емеспін. Маған сұрақ қойылады. Көрсем көрдім деймін, көрмесем көрмедім деймін», – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Айтпақшы, екіжүзді жұлдыздарды Дариға Бадықоваға да жақсы біледі. Актриса айтуынша, бұл қасиет халқымыздың қанына сіңген.

«Біздің халық сол екіжүзділікті жақсы көретін сияқты. Бір беттілікті жақсы көрмейді. Мен бетпердесін шешкен адамдарға бірден айтамын. Мен беттімін ғой. Жеті атасы тіріліп келсе де, айта саламын мен. Сосын аяғында неге айттым деп, өзің жексұрын болып қаласың. Бірақ, енді көбісі екіжүзді деп тұрған адамдарды ұнататын сияқты. Бірақ мен ұнатпаймын. Ол адамның жанына жоламаймын да!» – деді Дариға Бадықова.

Ал, ойын ашық білдіруде еш жасқанбайтын Меруерттің ұстанымы 2020-да өзгерген секілді. Түсіпбаева тышқан жылында тыныш жүруге бекінген!

«2020-да мен ешкімге ештеңе айтпаймын деп ойлаймын. Міне 2019 жылы мен сізге айттым осы сөзімді. Одан кейін мен айтқым келмейді мүлдем», – деп уәде берді Меруерт.

Түйткілді мәселе туындаса әлеуметтік желідегі жазбаларымен елді елең еткізетін Түсіпбаева сөзінде тұра алар ма екен..? Уақыт көрсетеді!

 




Көрілген: 1029    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 18:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29