Өркениет

Енем тыныштық бермейді: Жақында ғана тұрмыс құрған әнші Мөлдір Есембек күйеуімен ажырасатынын айтты

  • Енем тыныштық бермейді: Жақында ғана тұрмыс құрған әнші Мөлдір Есембек күйеуімен ажырасатынын айтты

    Енем тыныштық бермейді: Жақында ғана тұрмыс құрған әнші Мөлдір Есембек күйеуімен ажырасатынын айтты

Say Mo лақап атымен танылған әнші Мөлдір Есембек актер Шәріп Серік ажырасатынын мәлімдеді.

Жақында ғана мұсылманша некесін қиып, шаңырақ көтерген жұлдызды жұп жағымсыз жаңалық айтты.

 
Мөлдір Есембек желіде жазба жариялап, желі қолданушыларының көңілін түсірді.

"Мен Шәріп Серікпен ажырасқалы жатырмын. Достар, мен енемді мақтап едім. Ол кезде жақсы танымаған екенмін. Қазір енелердің жақсы болмайтынын түсініп жатырмын. Сіздердің айтқандарыңыз келді. Біздің арамызға енем түсті. Елдің өсегіне сеніп, өзгенің ойымен өмір сүретін адамдардың қасымда жүргенін қаламаймын", - деп жазды әнші Инстаграм парақшасында. 

Атышулы рэпер ғашықтардың арасы үшінші адамның кесірінен суығанын айтты. 

"Енем менің анама хабарласып, тыныштық бермеді. Желідегі суреттеріме дейін мін тапты. Бұған дейін үндемедім. Енді шектен шықты. Қатты ашуландым. Сондықтан ажырасқанымыз дұрыс. Күйеуім екеуміз бір-бірімізді жақсы көрсек те, екі жаққа кетуге тура кеп тұр", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары сан сауалдар қойып жатыр. 

"Екі жастың арасына есі кеткен түседі", "Сіздер жақсы жарасасыздар, неге ажырасасыздар, өз өмірлеріңіз үшін күресіңіздер", "Ажырасу деген оңай болды ғой", "Ененің көңілін табуға болмас па еді?", - деп жазды олар. 

Енді бірі әншінің кей әрекеті шынында да ерсі деген пікір айтты.

"Мен де болсам келінімнің ашық-шашық жүргенін қаламас едім", "Енеңіз дұрыс істепті", "Ешнәрсе себепсіз болмайды", "Әркім өзін түзесе, бәрі дұрысталады", - дейді олар. 

Айта кетейік, әнші мен актер некесін қиып, бас қосқанына көп уақыт өткен жоқ. Жас жұбайлар бір ай бұрын мұсылманша некелесіп, ерлі-зайыпты атанған еді. 




Көрілген: 2723    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.01.2021, 22:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31