Өркениет

Ерке Есмахан: Бойымда махаббат тулап тұр

  • Ерке Есмахан: Бойымда махаббат тулап тұр

    Ерке Есмахан: Бойымда махаббат тулап тұр

Ерке Есмахан әкесінің қазасынан соң желіде ұзақ уақыт көрінбей кетті. Әнші күні кеше желіде жазба жариялап, оқырмандарын қуантып қойды. Көңіл-күйіне ерік берген әнші көпшілікті ойландырып тастады. 

Ерке қазіргі көңіл-күйін желіде жазды. Махаббат жайлы жазған әншіні желідегі жанкүйерлері талқылай бастады. Оны ғашық болды деп болжағандар басым.

 
"Дәл қазір жаным ән салып, жүрегім алып ұшып, ішімде көбелек, миымда тыныштық, кеудемде қуаныш, көзімде от, бойымда махаббат тулап тұр. Суретке қарап мүлдем олай деп ойламайсың", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желідегі оқырман әншіден сүйіктісінің кім екенін сұрап жатыр.

"Көңіліңіз түспесін, сізге сабыр берсін, Алланың жазуынан артық ешнәрсе болмайды", "Бәрі жақсы болады, уайымға салынбаңыз", "Осылай көңіл көтеріп ұрыңыз", "Ғашық болдыңыз ба?", "Сүйіктіңізді көрсетіңізші", "Бақытты болыңыз, сіз жалғыз жүруге міндетті емессіз", - деді олар.

Айта кетейік, әнші асқар тау әкесінен айырылды. Қазадан соң желіден де, көгілдір экраннан да көп көрінбей кетті. Оны сағынған тыңдармандары жақсы тілегін арнап жазды. 

stan.kz




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30