Ерке Есмахан мен Әміренің бірге орындаған әні желіні жарды (видео)

24 қаңтар 2022, 14:00

Қос өнерпаз "Бірге" атты әнді дуэт болып шырқаған болатын. Әнді бір айдың ішінде желіде екі миллионнан астам адам тыңдаған, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Әннің сөзін Саят Рахымжан, ал әуенін "Әміре" лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев жазған.

 

instagram.com/amre_official

 

Соңғы уақытта көпшіліктің аузынан түспей, халықтың сүйікті әуеніне айналған "Бірге" әні YouTUBE-те екі миллионнан астам қаралым жинаған. Яғний бұл туындының желі қолданушыларына қатты ұнағаны байқалады.

 

 

Еркенің дауысы да, стилі де өзгеше. Керемет ән. Ернар да, Ерке де хит әншілер. Үйлесімді жұп, — деп жазды желі қолданушылары.

 

Бұған дейін Экспресс К Еркенің танымал әнші Ернар Садырбаевпен мейрамханада отырған жерінен ұсталып қалғанын жазған еді. Қос әншінің мейрамханада өзара әзілдерін айтып, шүйіркелесіп отырған сәтінен түсірілген видеоны белгілі продюсер Бағым Мұхитденова Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бұны көрген көпшілік Ерке мен Әміре кездесіп жүр деп топшылады.