Өркениет

Ерке Есмаханның күнделігі аукционда 1 млн теңгеге сатылып кетті (фото)

  • © Instagram/ainara_baizhan

    © Instagram/ainara_baizhan

Отандық жұлдыз Ерке Есмахан көпшілікке төл туындысын ұсынды. Алайда әнші әдеттегідей ән немесе бейнебаян емес, бұл жолы атаулы күнделік шығарып, ерекшеленді. Сүйіктісі Aзамат Зенкаевтың "Ту" атты бейнебаянының таныстырылымы кезінде Ерке де қалыс қалмай, күнделігінің тұсаукесерін өтікізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев тыңдармандары мен жанкүйерлерін жаңа бейнебаянмен қуантты.

 

AZ лақап атымен танымал Азаматтың "Ту" деген атаумен қалың тыңдарманға жол тартқан бейнебаянының таныстырылымы кеше кешке, отандық жұлдыздардың қатысуымен өткен.

 

Бір ерекшелігі, бейнебаянда актриса ретінде Ерке Есмахан бой көрсеткен. Бұдан бөлек, кеште тағы бір туынды ел назарына ұсынылды. Ерке Есмахан қыз-келіншектерге, бойжеткендерге арнап "Куә бол" деп аталатын күнделік шығарған. Баспагерлікке бет бұрған әнші бұл жаңа өніміне сатылымды ашық деп жариялап, жиналған жұлдыздар арасында аукцион ұйымдастырған. Кештің көркін қыздырған аукционда су жаңа күнделік 1 млн теңгеге сатылды.

 

Күнделікті танымал блогер Айнұр Асанберді сатып алған. Бұл туралы блогер Айнара Байжан өзінің Instagram желісінде мәлім етті.

 

"Аукционда осы блокнотты Мәдина Сәдуақасова 500 мың теңгеге сатып алғысы келген. Айнұр Асанберді 1 млн теңгеге сатып алды", - деп жазды ол.

 

 

 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 19:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31