Өркениет

«Ешкім-ешкімді қинап, жатқан жоқ»: Тұрсынбаева билікке ұтыс өткізе беретінін мәлімдеді

  • «Ешкім-ешкімді қинап, жатқан жоқ»: Тұрсынбаева билікке ұтыс өткізе беретінін мәлімдеді

    «Ешкім-ешкімді қинап, жатқан жоқ»: Тұрсынбаева билікке ұтыс өткізе беретінін мәлімдеді

 Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы аналардың игілігіне қызмет жасамақ. Ол тағы бір бастамаға мұрындық болып, үлкен қайырымдылық қорын ашты, деп хабарлайды  nege.kz.  

Бұған дейін өзінің авторлық кітаптарын сатылымға қойып, ұтыс ойындарын өткізген айтыскер ақын былтыр бас жүлдеге зәулім үйін тіккен болатын. Құны 100 миллион теңгелік баспанаға 5 балалы отбасы ие болған. Артынша, ақын тағы да кезекті шара ұйымдастырып, 7 отбасына баспаналы болу мүмкіндігін сыйлаған еді.

Енді Айнұр ханым жуырда жарық көрген кітабын сату арқылы тағы да 8 отбасын баспанамен қамтамасыз етпек ниетте.

Айта кетейік, Тұрсынбаева жақында мемлекет тарапынан лотерея ойындарын өткізуге тыйым салынады деген жарлыққа қатысты пікір білдірді. Лотерея ойнатудың харам екенін айтып, өзінің халыққа пайдасы бар игі іспен айналысып жүргенін жеткізді. Сондай-ақ, ол биліктегі атқамінерлерге желі арқылы үндеу жасады.

«7-8 баласы бар аналар баспананы кезектен тыс алсын! Бәлен жылдан бері үйдің кезегінде тұрған және ол кезегі жылжымайтын аналарды аяңыздар! Ұтысқа қатысу – әркімнің өз еркіндігі. Ешкім-ешкімді қинап, ақшасын тартып алып жатқан жоқ»,- деген айтыскер, өзі ашқан қайырымдылық қоры арқылы баспанаға зәру жандарды пәтермен қамтамасыз етпек.

nege.kz.




Көрілген: 1645    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 07:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30