Өркениет

Етегін ашып отырған Ақбота Сейітмағамбет елдің ашуын тудырды (фото)

  • https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/?

    https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/?

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет қазіргі таңда "Махаббат - кино" атты су жаңа әніне бейнебаян таспалауда.

 

Белгілі болғандай, аталмыш клипте басты рөлді жас актер Еркебұлан Тоқтар сомдайды. Желідегілер өнер иесінің әсерлі өлеңін жылы қарсы алғаны мен, оның бейнебаяндағы образын сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ақбота Сейітмағамбет жақында ғана қалың көпшілікке "Махаббат - кино" атты жаңа трегін ұсынған болатын.

 

Халықтың пікірінше, өнер иесі бұл әнде өзінің жан жарасын жеткізген.

 

Ол аталмыш туындысына бейнебаян таспалап жатқанымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

 

Шоу-бизнес өкілі тіпті клипте басты рөлді кім сомдайтынын да жария етті.

 

Анықталғандай, Ақботамен бірге онда жас актер Еркебұлан Тоқтар бой көрсетпек.

 

 

Жас өнерпазбен түсірілім барысындағы фотосын жүктеп үлгерген Ақбота Сейітмағамбет бірден ел талқысына қалды. Көпшілік екі баланың анасын ашық образы үшін сынға алған.

 

Олардың айтуынша, әншінің бұл әрекеті аса ерсі болып табылады.

 

"Меніңше, екі баланың анасы бола тұра бұлай жүрудің қажеті жоқ" , "Жақында ғана хиджаппен жүрген еді. Енді жартылай жалаңаш" , "Мұндай суреттерді жариялаудағы мақсатың не? Кәмге не көрсете алмай жүрсің?" , "Өне, сахналық образ деген сайын кетіп барасыңдар" , "Сөзім жоқ. Бұл қыз тағы несімен таңғалдырар екен" , "Қазақ қызына сай емес. Екі баланың анасына тіптен ұят болу керек" , " Кино болса, мұндай келбетпен киноның ішінде жүріңіздер. Ал мына суретке түсу үшін ер адамға жабысып, етегіңізді көтеріп түсу оғаштау көрінеді", "Етегіңді жапқанын дұрыс болар", - деп жазуда халық.

 

Еркебұлан Тоқтардың да парақшасында олардың ортақ фотолары пайда болды.

 

Жас актер суреттің астына "жай ғана түсірілім" деген жазба қалдырған.

 

Алайда, Ақботаның өмірін жіті бақылап келе жатқан желі қолданушылары оның экс-күйеуі Дәурен Айдарқұловпен де махаббат хткаясы түсірілімдерден бастау алғанын еске алды.

 

 

 

 




Көрілген: 5729    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 12:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31