Өркениет

Фараби-1150: әл-Фараби ілімі қазіргі аламағайып заманда да өзекті – ректор

  • Фараби-1150: әл-Фараби ілімі қазіргі аламағайып заманда да өзекті – ректор

    Фараби-1150: әл-Фараби ілімі қазіргі аламағайып заманда да өзекті – ректор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Арада 11 ғасыр өтсе де әл-Фараби ілімінің дәл қазіргі алмағайып заманда өте өзекті әрі қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. 

Бұл туралы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресим ашылуында айтты. 

 

4.jpg

Жиын барысында ректор сөз сөйлеп, ұлы философ, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы әлемде оның есімімен аталатын университеттен басталғаны зор қуаныш әрі үлкен мәртебе екенін айтып өтті.

 

Арада 11 ғасыр өтсе де әл-Фараби ілімінің дәл қазіргі алмағайып заманда өте өзекті әрі қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. Жер бетінде кемел, әрі мінсіз қоғам орнатуды Платоннан бастап небір ойшылдар армандап өтті және оның жолдарын іздеді. Солардың іздерін жалғастырған Әбу Насыр әл-Фарабидің айтуынша, адамзат келеңсіздіктері және зұлымдықтарды болдырмаудың жалғыз жолы – ол қайырымдылық, қайырымды қоғам құру,-деді ректор.

 

2(1).jpg

Сонымен қатар, ол әл-Фараби "адамның ең асыл қасиеті оның ақыл, парасатында және ол адамзаттың бақытқа жетуіне қызмет етуі тиіс" деген ойды айта келе "тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" - деп қорытынды жасағанын ерекше атап өтті. 

 

Бұл әсіресе білім саласы, оның ішінде университеттер үшін өте маңызды қағида. Өйткені қазіргі заманғы университеттердің міндеті тек қана кәсіби мамандар даярлап қана қоймай, жоғары адами қасиеттерді бойына сіңірген ел және әлем азаматтарын қалыптастыру,-деді Ғ. Мұтанов. 

 

3.jpg

Ректор сондай-ақ, әл-Фараби ілімін және есімін насихаттау мақсатында университет тұңғыш қазақстандық әл-Фараби1 және әл-Фараби2 наноспутниктерін ғарышқа шығарғанын жеткізді. 

Сонымен қатар, Елбасының және мемлекет басшысының қолдауымен Әл-Фараби ғылыми-технологиялық орталығы атты жаңа жобаны қазір қолға алудамыз. Ұлы ойшылдың мерейтойы қарсаңында біздің студенттер әл-Фарабидің ілімін елімізде және әлемге тарату ниетімен әҚайырымды қоғамә атты заманауи челенджді бастап кетті,-деді ол.
Әділет МҰСАХАЕВ
Фото: автордан



Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2020, 20:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30