Өркениет

Фонограмма туралы заң сенатта мақұлданды

  • Фонограмма туралы заң сенатта мақұлданды

    Фонограмма туралы заң сенатта мақұлданды

Өнер адамдарының сахнадағы мәдениетін реттейтін заң жобасын сенат мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы қаралды. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заң жобасы қандай мәселелерді реттейтінін айтты. 

 
"Концерттік қызмет мәселесіне тоқталайын. Концерттік ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз шығу үрдісі болып отыр. Сондай-ақ, жоспарланған концерттік бағдарламаларды орындамау әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалануға жол берілген бірқатар факт бар", - дейді ол.

Заң бойынша, өнер адамдары сахнада ерсі әрекеттер жасағаны үшін жазаланатын болады. 

"Олардың ішінде маңызды норманың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы көрерменді хабардар ету. Фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнамалық өнімде және касса жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарландыру беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді, әрі билеттің құнына да әсер етеді", - дейді Ақтоты Райымқұлова. 

Заң жобасын сенат депутаттары қабылдады.

Айта кетейік, осыған дейін мәжілісте депутаттар аталған заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдаған еді.




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31