Өркениет

Гүлзира Айдарбекованың жазбасы талқыға түсті

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде жаңа жазбасын бөлісіп, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Қайрат Нұртастың анасы жаман және жақсы адамдардың өзара айырмашылығы туралы жазған. Желі қолданушылары бұл сөздердің кімге арналғанын біле алмай әлек болып, оны сұрақтың астына алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Айдарбекованың Instagram парақшасындағы соңғы жазбасы бірден ел талқысына түсті. Белгілі продюсер өмірде кездесетін жақсы және жаман адамдар туралы өз ойын жазған.

 

"Жақсы адамдар саған бақыт әкеледі. Жаман адамдар тәжірибе береді. Ең жамандары сабақ береді. Ал ең жақсылары естелік қалдырады", - деп жазды ол.

 

 

Гүлзира Айдарбекованың бұл сөздері желі қолданушыларын ойландырып, үлкен пікірталас тудырды.

 

Қалың көпшілікке аталған жазбаның кімге арналғаны өте қызық болды. Олар бұл жайында продюсердің өзінен сұрап, өз болжамдарын да бөлісті.

 

Оған қоса, кейбір пікір білдірушілер оның айтқанымен келіспейтіндерін де айтып қалды.

 

"Керемет айтылған. Өмірден алынған нәрсе ғой", "Бұл жазбаны кімге арнаған екенсіз", "Бұл сөздер нақты бір адамға айтылғандай болып тұр", "Сізді біреу ренжітіп қойған сияқты ма? Әлде біреуге өкпелімісіз?", "Мына жазбаңыз қазіргі өмірді сипаттап тұрғандай", "Гүлзира ханым, жаман адамдар болмайды. Тек жаман әдеттері ғана болмаса" , "Жүз жасаңыз, мойымаңыз. Өмір ғой, неше түрлі адамдар болады", - деп жазды көпшілік.

 

 

 




Көрілген: 3321    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.05.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30