Өркениет

Жас әншімен көл жағасында құшақтасқан Ақбота Сейітмағамбет қызу талқыға түсті (видео)

  • Видеодан кадр: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Видеодан кадр: Instagram/akbotanurabaykyzy

Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткен соң, Ақбота Сейітмағамбеттің жеке өмірі көпшіліктің жіті назарында. Актрисаның қарым-қатынасы жайлы білгісі келген жұртшылық оны түрлі жұлдыздарға да қосып жатты. Алайда, бұл жолы желідегілер өнер иесінің жас әншімен кездесіп жүргенін болжады. Оған екеуінің жариялаған видеосы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінде жас әнші Азиз Балтабекұлымен бірге түскен видеосымен бөлісіп, елдің қызу талқысына қалды.

 

Бейнежазбада қос жұлдыздың ғашықтар секілді қол ұстасып, көл жағасында құшақтасып тұрғанын көруге болады.

 

Желі қолданушылары бірден өнер иелерінің арасында махаббат сезімі бар екенін болжап, Ақботаны сұрақтың астына алды.

 

Кейбір оқырмандар бұл видеоның Дәурен Айдарқұловқа ұнамай қалғанын да жазып үлгерді.

 

 

"Күйеуге шығуға босқа асыққансың. Осындай әдемі жігіттер тұрғанда", "Осындай жігітке лайықсың", "Күшті жарасып тұрсыңдар", "Сондай әдемі жұпсыңдар", "Кездесіп жүрсіңдер ме? Әдемі жігіт екен", "Жігітіңіз бе? Сізге ғашық көздерімен қарап отыр", "Бұрынғы күйеуіңіз мына видеоны көріп, іші күйіп жатқан болар", - деп жазуда көпшілік.

 

Алайда, Ақбота Сейітмағамбет те, Азиз Балтабекұлы да қарым-қатынастарын растаған жоқ.

 

Ал қос әнші түскен видео бейнебаяннан үзінді болып шықты.

 

 

 

 

 




Көрілген: 4459    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31