Өркениет

Желіде Серік Ибрагимовтың полицейлерге ұсталған сәтінің видеосы тарады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде құқыққорғау қызметкерлерінің белгілі әнші Серік Ибрагимовты тұтқындап жатқан сәтінен видео тарап кетті. Бейнежазбада өнер иесінің тәртіп сақшыларына ұсталып, барша отандастарынан кешірім сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Instagram желісінде жарияланған бейнероликте үйде жүрген бірнеше ер адамды кенеттен атып кірген қарулы азаматтар тұтқындап жатқаны көрініс тапты. Олар құқыққорғау органдарының қызметкерлері болса керек.

 

Бейнежазбада бет-аузын тұмшалап алған адамдардың үй ішіндегі жігіттерді жерге жатқызып, қолдарына кісен салғалы жатқаны көрінеді. Оған қоса, видеода оқ атқандай дауыстар шықты.

 

Оқиғаның қайда және қалай орын алғаны жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Бірақ, ұсталған топ арасында әнші Серік Ибрагимов пен әзілкеш Қабдол Тілеков бар екені белгілі болды.

 

Ғаламторда тараған видеода олардың екеуі де барша елден карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұраған.

 

Алайда, қос азаматтың да жеке парақшаларында орын алға жағдай жайында жазба жарияланбаған.

 

Желі қолданушылары аталмыш бейнероликке қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі жұлдыздардың шынымен ұсталып қалғанына сенсе, енді бірі әзілкеш пен әнші ортақ досы Ернар Айдардың тұтқындалуына пародия жасаған деп шешті.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CCKoFAolI0H/ 




Көрілген: 1210    Пікірлер: 0

сенбі, 04.07.2020, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30