Өркениет

Жетісувуд: Қазақстанның өз Голливуды пайда болады

  • Жетісувуд: Қазақстанның өз Голливуды пайда болады

    Жетісувуд: Қазақстанның өз Голливуды пайда болады

Талдықорғанда Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өңір халқы алдындағы есебі өтті. Өңір басшысы облыстың экономикалық көрсеткіштері туралы айта келе, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, атақты режиссер Ақан Сатаевтың сауалына жауап бере отырып, қазақстандық киноматографтың барлық бағалаушылары үшін жақсы жаңалық айтты.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында теле және радиохабарлар мазмұнын жақсарту үшін жұмыс істеу қажеттігін айтқан болатын. Оның пікірінше, өкінішке орай, Қазақ киноматографиялық қауымдастығы ішкі қайшылықтарға толы болды, бұл өнімді шығармашылыққа кедергі келтіреді. Бұл мәселенің шешімін Ақан Сатаев көріп отыр. Ол Алматы облысы кино жасаушылар үшін жақсы алаң екенін атап өтті. Бұған қолайлы климат және Жетісу жерінің әдемілігі ықпал етеді. 

 
"Сіз кезінде Амандық Ғаббасұлы "Қазақфильм" ғимаратын салдыңыз, кейін Дінмұхамед Қонаевтан  қабылдап алған болаынсыз.  Отандық фильмдердің 80% - ы Алматы облысының аумағында түсіріледі. Бұл жолы отандық киноматографияны дамыту мақсатында "Қазақфильм" киностудиясы Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп Қапшағай су қоймасының жағасында «Кино полигонын» құру жобасын жүзеге асыруға ниетті. Бұл жоба бірнеше түсірілім павильондарын, әрқайсысының ауданы кемінде 1000 шаршы метр, декорацияларды, 100-120 жатын орынға арналған қонақ үй кешенін, дәмхананы және басқаларды қамтитын болады. Кино-полигон киноиндустрияны, туризмді дамыту және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру үшін жақсы алаң болады" -,  деді Қазақстандық режиссер, "Қазақфильм" АҚ Президенті Ақан Сатаев. 

Бұдан бөлек, Ақан Сатаев Алматы облысында 2021 жылы "Түрік елдері" кинофестивалін өткізу туралы ұсыныс тастады. Оның ойынша, аталған шара Алматы облысы мен Талдықорған қаласының мәдени тұрғыда мәртебесін көтеріп, туризм мен кино өнерін дамыту үшін жақсы алаң болмақ.

Өз кезегінде Амандық Баталов бұл бастаманы қолдап, Алматы облысында жақын арада өзінің Голливуды болады деп уәде берді.

"Жетісу өзінің көрікті жерлерімен әрдайым танымал болған. Алдағы уақытта да, біз осы саланы дамыту жолында барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Менің тарапымнан барлық қажетті көмек көрсетіледі.  Бізде таулар, шексіз дала, шөлдер, көлдер, өзендер бар.  Осы сұлулықтың барлығын біз бүкіл әлемге көрсетіп, насихаттауымыз керек", - деді әкім.

Сонымен қатар, өңір басшысы Алматы облысының жас және талантты режиссерлері мен сценаристерінің трамплині болу бақытына ие болғанын атап өтті.

"Соңғы бірнеше жылда Жетісуда түрлі фильмдер мен сериалдар жиі түсіріле бастады. Дарынды балалар "О, Ләйлә", "Welcome to Zhetysu", "I love Taldykorgan" картиналарын, "Ілияс Жансүгіров" пен "Барлыбек Сыртанов" туралы деректі фильмдерді түсірді. Сондай-ақ, "Түрік елдері" кинофестивалін біздің өңірімізде өткізу бастамасын қолдаймыз. Болашақта біздің жас режиссерлеріміз киноиндустрияның танымал мэтрлерінен тәжірибе алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын", - деп атап өтті Амандық Баталов. 

Ол сондай-ақ, қандай да бір елде кино неғұрлым көп түсірілсе, туризм мен бизнес соғұрлым қарқынды дамитынын атап өтті.

Имидж жақсаруда, кинематографиялық Инфрақұрылым құрылуда, жергілікті мамандар әлемдегі ең үздік мамандармен бірге жұмыс істеуде баға жетпес тәжірибе алуда, жабдықтар, техникалар, жаңа декорациялар пайда болуда, жасалып жатқан жұмыстардан халық та ақпарат алып отыр.  

"Кино кешенінің құрылуы жетісулықтардың жұмысқа орналасуына да жақсы әсер етеді. Жергілікті тұрғындар үшін 100 жаңа жұмыс орны құрылады, сондай-ақ, инвестиция тарту жоспарлануда", - деді облыс басшысы.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы фильмдердің 80-90% Алматы облысында түсіріледі, бұған Жетісудың қолайлы климаты мен керемет сұлулығы ықпал етеді. Олардың арасында танымал режиссерлердің "Томирис", "Жау жүрек мың бала", "Көшпенділер"  және т.б. кинокартиналары бар.

Сонымен қатар,  шетелдік орындаушылар Жетісу сұлулығын "T-Fest" "Улети", корей бойз-бэнд "In2it" "Amazing", Rag ' n ' Bone Man "Skin" сияқты үздік бейнеклиптерге сұраныстағы орын ретінде таңдағаны белгілі.




Көрілген: 2054    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 16:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30