Өркениет

Жолдасы: Қанат Әлжаппаровқа ауылда сыныптастарынан бастап жеңгелеріне дейін тік тұрып қызмет етеді

  • Жолдасы: Қанат Әлжаппаровқа ауылда сыныптастарынан бастап жеңгелеріне дейін тік тұрып қызмет етеді

    Жолдасы: Қанат Әлжаппаровқа ауылда сыныптастарынан бастап жеңгелеріне дейін тік тұрып қызмет етеді

Қанат Әлжаппаров мектепте қандай оқушы болды? Сыныпта нешінші атаман еді? Тәртібі мен сабақ үлгерімі туралы әзілкештің мұғалімі, сыныптастары айтып берді. Достарының айтуынша, Әлжаппаров жаны жомарт жан. Ауылына еткен еңбегі зор.

Бұл туралы "Қызық Live" бағдарламасында айтылды.
Қанат Әлжаппаров өзінің мектепте төмен баға алғанын мойындайды. Тіпті дене шынықтыру пәнінен 4 деген баға алған. Сынып жетекшісі мен сыныптары Қанат Әлжаппаровтың бұл сөздерін растады. 

"Мен өзім мектепте жақсы оқыған жоқпын. 2-ден жоғары, 3-ке жетпейтін орташа деңгейде. Басқалардан көшіретінмін. Көшірмесем, әлі мектепте оқып жүрер ем ғой. Ол барлық оқушының басында болатын шығар. Мен тек дене шынықтырудан "4" деген баға алғанмын. Қалған сабақтардан "3" деген баға алғанмын", - деді әзілкеш. 

Айтуынша, сыныбында екінші әлде үшінші атаман болған. 

"Көп адамнан қорқатын едім ғой. Біраз адамнан кейін болған шығармын. Екінші ме, үшінші атаман болған шығармын", - деді өзі. 


Адами кемшілігім - арақ ішетінім: Қанат Әлжаппаров отбасы, қызықты оқиғалары, қателіктері туралы айтты

Қанат Әлжаппаров: Саяси әзілдерімді қиып тастайды, сондықтан арзан әзілдер айтып жүрмін

Оның бұл сөзіне сынып жетекшісі Рысгүл апайы жауап берді. 

"Қанат мектепте орташа оқыды. Тәртібі бұзықтау болды. Бірақ мектепте өтетін іс-шара, байқауларға белсенді қатысушы еді. "Жігіт сұлтаны" деген секілді байқауларға қатысып жүретін. Әзілге жақын еді. Сыныбында бірінші атаман болды. Себебі, бұзықтау бала еді", - деді Рысгүл ағанбетова.

"Қанат мектепте 3 деген бағаға оқыды. Жақсы деп айта алмаймыз. Еңбек сабағынан 5 алатын. Сосын әдебиет сабағын, ауызша сабақтарға жақсы болды. Газет оқитын. Содан ба деп ойламын. Кіші сыныптарда мен бірінші атаман едім. Кейін Қанаттың бойы тез өсіп кетті де, екеуміз бір апта төбелестік. Солай Қанат бірінші атаман болып кетті. Мектепте Қанатты "Жынды Қанат" дейтінбіз. Кейін ғой Ақ Қанат атанғаны", - деді сыныптасы Руслан. 

Сыныптастарының айтуынша, Қанат ауылдың құрметті азаматы. Бүгінгінің сал-серісі. Сондықтан ауылында кішіден үлкенге дейін тік тұрып қызмет етеді. 

"Қанат өзі жаны жомарт жан. Қолындағысын аямайды. Бәрімен тең сөйлеседі. Қарапайым. Сыныптастарымен араласады. Ауылға көп көмегі тиді. Қайырымдылық жасады. Биыл мектеп бітіргенімізге 20 жыл. Қанаттың бастамасымен мерейтойды атап өтпекпіз. Қанат бүгінгімінің сал-серісі ғой. Оған еркелік жарасады. Ауылға келгенде еркелейді. Біз оны көтереміз. Себебі, соған лайық. Жігіттер де, жеңгелері де, інішектер де, ауыл болып оны еркелетеміз", - деді сыныптастары. 




Көрілген: 1179    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 13:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31