Өркениет

Жүрсін ЕРМАН: Тілшілер менің сөзімді бұрмалады, немесе түсінбеді

  • Жүрсін ЕРМАН: Тілшілер менің сөзімді бұрмалады, немесе түсінбеді

    Жүрсін ЕРМАН: Тілшілер менің сөзімді бұрмалады, немесе түсінбеді

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман өзінің сөзін бұрмалаған журналистерге ренжулі. Оның сөзінше, кейбір тілшілер таратқан қате ақпараттан кейін ақынның президенттік сайлауға қатысты айтқан ойы мүлдем теріс мағынада қабылданған көрінеді.


Еске салайық, кеше Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Алматыда өз құрылтайын өткізіп, онда одақ мүшелері «Нұр Отан» партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға ұсынылуына қолдау білдірген еді.

Осынау жиыннан кейін бірқатар БАҚ өкілі Жүрсін Ерманның сөзінен үзінді келтіріп, оның да сайлауға қатысқысы келгенін, алайда артынша «жоғарыдан қысым көрсетілгенін» жазған болатын. Ақынның өзі болса мұндай мәлімдеме жасамағанын, журналистер оның сөзін бұрмалағанын айтып отыр.

«Біз кешегі құрылтайда Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну бастамасын қолдаймыз деген шешімге келдік. Жиналғандағы негізгі мақсатымыз да сол еді. Осы жиыннан кейін кейбір журналистер менің сөзімді бұрмалап, мүлдем басқа мағынада жазып шығыпты. Олар сөзді түсінбейді немесе әдейі түсінгісі келмейді», - деп ренішін айтты Жүрсін Ерман.

Айта кетейік, 24 сәуірде Астанада Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы құрылтай өткізген болатын. жиынға 120-дан астам айтыскер-ақын жиналып, қазіргі өнердегі өзекті проблемаларды ортаға салды. Сондай-ақ, ақындар әріптестерін 9 маусым күні болатын президенттік сайлауда белсенділік танытуға шақырды.




Көрілген: 1367    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 20:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31