Өркениет

"Жынды болсаң осы": Айқынның жариялаған видеосы желіні жарды

  • Видеодан кадр: Instagram/aikyn

    Видеодан кадр: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде әзіл ретінде түсірілген видеосымен бөлісіп, қалың көпшілікті күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Айқын Төлепберген әншілік пен блогерлікпен қатар енді "Тик-Ток" желісін жаулауға кіріскен.

 

Өнер иесі Instagram парақшасында күлкілі видео жариялап, желідегі оқырмандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бейнежазбада әншінің толық арудың кейпінде билеп тұрғанын көруге болады.

 

"Жынды болсаң осы. Тик-ток не істетпейді. Күйеубала екеуіміз қалай түсіргенін білгіңіз келсе, сторисқа кіріңіздер" , - деген жазба қалдырды Айқын видео астында.

 

 

Аталмыш бейнеролик қалың көпшілікті күлкіге қарық қылып, санаулы уақытта мыңдаған қаралымға ие болды.

 

Желі қолданушылары әншінің әзіл ретінде түсірілген видеосына тәнті болып, оған қатысты өз ойымен бөлісуде.

 

"Қайта-қайта қарай бергің келеді" , "Күлкімді тоқтата алмай отырмын" , "Қатырасыз, шығармайтындарыңыз жоқ" , "Қандай күлкілі, маған керемет көңіл күй сыйладыңыз" , "Карантин не істетпейді" , "Әншілік пен блогерлікті қойып, енді тиктокер болып кетпеңіз" , "Басқаларға қарағанжа, сіздердікі ұйқасып шыққан" , "Айқын әрайым жаңашылдыққа жақын жүреді" , "30 рет көрген шығармын" , "Ұят секілді" , "Не дегенмен әнші деген атыңыз бар. Сіз үшін ерсілеу сияқты" , "Осы қалып еді енді көрмеген" , - деп жазуда желі қолданушылары.

 

 




Көрілген: 3355    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 18:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30