Өркениет

Қанат Әлжаппаров: Өрт сөндірушілердің тойында әзіл айтамын деп сөз естіп қалдым

  • Қанат Әлжаппаров: Өрт сөндірушілердің тойында әзіл айтамын деп сөз естіп қалдым

    Қанат Әлжаппаров: Өрт сөндірушілердің тойында әзіл айтамын деп сөз естіп қалдым

Қанат Әлжаппаров әзіл айтамын деп той қонақтарынан сөз естіп қалған сәтін айтты. Одан бөлек отбасы мен ерлі-зайыптылар арасындағы мәселе жайлы сөз етті.

Қанат Әлжаппаров әйеліне сұхбат берді. Мәміле бағдарламасында жарының сұрақтарына жауап берді. 

 
Қанат Әлжаппаров тоқал алуға қарсы. Тіпті әйелінің қарсылығы болмаса да тоқал алуға деген ниеті жоқ. Ал әйелінің ешбір дене мүшесін пластикалық ота арқылы жасатуды қаламайды. Өзі көп баланың әкесі болғанды қалайды. 

"Мен бала күнімнен әртіс болуды армандадым. Жолым болып, осы жолда жүргендіктен, шаршадым деп айтқым келмейді. Шаршасаң да артық айтқым келмейді. Себебі, өзім осы жолға ұзақ уақытта, әрең жеттім. Сондықтан маған өнер адамы болған ұнайды. Егер әртіс болмасам, өзімнің мамандығым бойынша теміржолшы болармын деп ойлаймын. Себебі, мен дәрігер бола алмаймын, мұғалім бола алмаймын. Менен не әртіс не қара жұмысшы ғана шығады", - деді Әлжаппаров. 

"Мен тоқал алу дегенді түсінбеймін. Екі әйелден туған балаларым жалтақ болып өседі деп ойламаймын. Жай ғана қаламаймын. Тоқал алу дегенді түсінбеймін де. Егер әйелімнің денсаулығы жарап тұрса, көп балалы болғанды қалаймын. Он балаға дейін болса бола берсін. Бірақ тоқал алу туралы ойлаған емеспін", - деді Қанат. 

Әлжаппаров ұл-қызы қандай мамандықты таңдаса да, қарсылық танытпайтынын айтады. 

"Маған балалардың таңдауы маңызды. Егер аспаз болғысы келсе, бола берсін. Әртістің баласы әртіс болу керек деген қағида жоқ. Ұлымның визажист болғанын қаламайтын едім. Ондай мамандықтарды таңдамайды деп ойлаймын. Алайда қызым өрт сөндіруші болам десе, қарсы болмаймын", - дейді актер.

Әлжаппаров әртістік өнерден бөлек асабалықпен айналысатыны белгілі. Әртіс кей кезде артық әзілдеймін деп сөз естіп қалатын жағдайдар болатынын жасырмайды. 

"Бір күні өрт сөндірушілердің тойын басқардым. Өрт сөндіру қызметінің басшының орынбасары қап-қара кісі екен. Сол кісіге "сіздің өзіңізді өрттен әрең құтқарып қалған сияқты ғой" деп әзілдеп қалдым. Сол жерде оңбай сөз естідім. Содан кейін біреудің жеке басына қатысты әзіл айтпайтын болдым", - деді актер. 




Көрілген: 1319    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 01:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31