Өркениет

Карантинде жатқан "Кешью" директоры аштық жариялады

  • Фото: Instagram / nazymbaskynbayeva

    Фото: Instagram / nazymbaskynbayeva

Карантинге жатқызылған "Кешью" музыкалық тобының директоры Назым Басқынбаева аштық жариялағанын хабарлады. Ол науқастарға анализ нәтижелері берілмегенін, медициналық орталықтағы санитарлық жағдайды жақсарту керектігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Назым Басқынбаева Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ол анализ нәтижелері туралы сенімді ақпарат беруді талап етуде.

Назымның айтуынша, карантинге жатқызылған науқастардан бес сынақ алынғанымен, әлі нәтиже берілмеген.

"Бізден 3 анализ алып, оң нәтиже көрсетсе, жіберу керек еді. Алайда қазіргі уақытта 5 анализ алса да, ешкім бізге биомәліметтерді неге көп жинап жатқанын ешкім түсіндірген жоқ. Осы уақытқа дейін бірде-бір қағаз не анықтама көрмедім", - деді "Кешью" директоры.
Одан бөлек, Назым дәрігерлерлерге пациенттердің санитарлық жағдайын жақсарту керектігін ескертті.

Сондай-ақ, ол палаталарда жалпы тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін тілге тиек етті.

"Мен тамақ пен жайлылық туралы емес, тазалық пен гигиена жайлы айтып тұрмын!", - деп жазды Басқынбаева.
Соныен қатар, "Кешью" директоры Денсаулық сақтау министрлігінен уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын ресми анықтама беруді талап етті.

 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 20:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30