Өркениет

"Қателеспейтін адам жоқ": Сара Амангелді өзінің жеке өмірі туралы шындығын айтты

  • Сурет: https://www.instagram.com/amangeldieva_sara/

    Сурет: https://www.instagram.com/amangeldieva_sara/

KeshYou тобының бұрынғы әншісі Сара Амангелді артынан ерген қауесеттерге жауап берді. Актриса, қателеспейтін адам жоқ екенін айтты, деп жазады "Алматы" телеарнасы.

 

Әнші Сара Амангелдінің жеке өміріне қатысты түрлі ақпарат осы жылдың көктемінде әлеуметтік желіде жиі талқыға түскен еді. Ажырасқан ер азаматпен көңіл қосты деген тақырыпта түрлі жазба пабликтерде жариялана бастады.

 

Рaparazzi бағдарламасында Кешьюдің экс-солисі өз шындығын айтты.

 

«Менің ол жерде ешқандай кінәм жоқ.  Бұл өмірде қателеспейтін адам жоқ, бәрі қателеседі. Біреу қосылады, біреу ажырасады. Ештеңке айта алмаймын, Алланың көзі тура болсын», – деді әнші.

 

Интернеттегі сыни пікірлер Сара қыздың көңіліне кірбің салған көрінеді. Қателесуден қорықпайтын бикеш, ең бастысы өзіңді дер кезінде қолға алсаң жеткілікті, дейді.  

 

«Әр қыздың басынан түрлі жағдайлар өтеді. Бірақ енді Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Ешқандай өкініш жоқ. Ең бастысы – ата-анам аман болсын», – деді Сара Амангелді.

 

Өмірге позитивті көзқарас танытқан өнерпаз ару ешнәрсеге мойымақ емес.

 

«Бұнымен өмірім тоқтап қалған жоқ. Ашық Сараға жарқын өмір сүрген ұнайды. Адам күйзеліс алатын болса, ағзасы да, денсаулық та әлсірейді. Сондықтан өмірге, Алланың берген әр күніне шүкіршілік етіп, рақмет айтудан шаршамау керек», – деді ол.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2204    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 12:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31