Өркениет

Қайрат Нұртас: Тойды көп көрдіңдер, енді өлім болып жатыр

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Қайрат Нұртас екі жылға дейін той-томалақтарға тыйым салуды ұсынған адамдарға жауап берді. Өнер иесі дүбірлі шараларды көп көргендерге шүйлігіп, олардың пікірімен мүлдем келіспейтінін айтты. Әнші күніге жаназаларда жолыққаннан гөрі, қуаныштарда бас қосқан артық екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Қайрат Нұртас той-томалақтарды болдырмас үшін жанын салып жүргендерге қатысты бар ойын айтты.

 

"Тойға қарап қалған түгіміз жоқпыз. Бізді көбісі "той әншілері" деп менсінбей жатады ғой. Біз тойға не үшін барамыз? Той - ол қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің, жақындарыңмен қауышасың. Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын" , - деді Қайрат Нұртас.

 

Айта кетейік, бұған дейін әнші Айқын Төлепберген той-томалақтарды екі жылға тыйым салуды ұсынған Аружан Саинға жауап беріп, өз наразылығын білдірген болатын. Ол белгілі қайраткердің той-бизнес саласына қатысты пікірінің қате екенін бетіне басып, өз жанайқайын жеткізді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 1924    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 13:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30