Өркениет

«Қазақстанды болашақта Зеленский сияқты көңілді әрі тапқыр бір квн-ші басқаруы мүмкін» - журналист болжамы

  • «Қазақстанды болашақта Зеленский сияқты көңілді әрі тапқыр бір квн-ші басқаруы мүмкін» - журналист болжамы

    «Қазақстанды болашақта Зеленский сияқты көңілді әрі тапқыр бір квн-ші басқаруы мүмкін» - журналист болжамы

Соңғы кездері байқағаным, тойға барсам, тамада - квн-щик (Астана мен Алматыдан бөлек аудандарда да солай), музыкант - квн-щик, бет ашатын ақын да - квн-щик, "Астана" каналын қосып қалсам, жобаларда квнщиктер, "Қазақстан" ҰА сериалдарында квнщиктер, 7 арнада да "Тек қана қыздар" командасы, "Балапан" арнасында жайдарманшылардың балалары, бір сөзбен Тв-да жүргендер - квнщиктер!

Қазақстанды болашақта бір жайдарманшы басқаруы мүмкін, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осындай болжамды журналист Айнара Байжан Facebook-парақшасында келтірді. Оның ойынша, халық жүрегінен орын алған жайдарманшылардың болашағына үмітпен қарап, қолдау білдіруіміз керек. Өйткені олардың бірі Зеленский сияқты жарып шығып, мемлекетті басқаруы әбден мүмкін.

"Кейбір тым «серьезный» ағайлар "Жайдарман" сияқты жалпы КВН ойындарын бос дарақы, арзан әзіл, артық күлкі деп жатады. Мен бұл пікірге қарсымын. Жайдарман сияқты жобалар көптеген харизмасы, таланты, икемі бар жастардың ашылуына, сахнаға, тв-ға шығуына жол ашып жатыр. 

Соңғы кездері байқағаным, тойға барсам, тамада - квн-щик (Астана мен Алматыдан бөлек аудандарда да солай), музыкант - квн-щик, бет ашатын ақын да - квн-щик, "Астана" каналын қосып қалсам, жобаларда квнщиктер, "Қазақстан" ҰА сериалдарында квнщиктер, 7 арнада да "Тек қана қыздар" командасы, "Балапан" арнасында жайдарманшылардың балалары, бір сөзбен Тв-да жүргендер - квнщиктер! Енді эстраданы да "жайдарманшылар" жаулап жатырған сияқты. Икемі де келіскен, харизмасы, энергиясы аузы-мұрнынан шығып тұрған, мағынасыз ән айтса да, сүйкімді топ бар, "Меховая 8/1" деген. Олар да "Қармақшы" құрамасы деп Жайдарманда жүретін жігіттер. Үш жігіттің сұхбаттарын көрсем, Қайрат Нұртастардың сұхбаттарынан қызығырақ. Тапқырлар, күлдіре алады. Әнді де тәп-тәуір айтады. Билері келіскен.

Жайдарман, КТА сияқты жобаларды даттай бермей, қолдау керек! Квн-щиктер білімдерін жетілдірсе, тіпті керемет болар еді. Сауаттылық керек. Қазақстанды болашақта Зеленский сияқты көңілді әрі тапқыр бір квн-ші басқаруы мүмкін деген ой қылаң беріп жатыр…",- деп түйіндеді ол жазбасын.

 

 

 

 



Көрілген: 282    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30