Өркениет

Қазақстандық актер Лос-Анджелесте "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды

  • Қазақстандық актер Лос-Анджелесте

    Қазақстандық актер Лос-Анджелесте "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды

Қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов Лос-Анджелесте өткен Asian World film festival кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prnewswire.com сайтына сілтеме жасап.

Марапат Айжан Қасымбек режиссер болған отандық  "Огонь" ("От") фильміндегі жұмысы үшін табысталды. Фильмде Қазақстандағы қазіргі жағдайды қарапайым адамның өмірі арқылы баяндайды. Төлепберген Байсақалов рөлін сомдаған басты кейіпкер Толик – үлкен қалада өмір сүретін отбасының асыраушысы. Ол қала өміріне үйреніп, отбасын асырауды ойлайды. Ол курьер болып жұмыс істейді. Көптеген адам секілді ол да отбасын асырай алмай, қарызға батады, кредит алады. Бірақ ол өзінің қызына үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан келген соң қызы Сәуленің жүкті екенін біледі. Осы жаңалық қыздың болашағына қатысты жоспардың күл-талқанын шығарады. 

Stan.kz

 
Asian World film festival дүниежүзілік Азия кинофестивалі биыл жетінші рет өтіп жатыр. Оған азиялық режиссерлердің жұмысы қатысады. Бұл байқауға 20-дан астам елден 30 жұмыс қатысты.

"Огонь" фильмінің әлемдік премьерасы Пусанда (Оңтүстік Корея) халықаралық фестивальде өтті. Өткен аптада актер Төлепберген Байсақалов Сочи кинофестивалінде үздік ер рөлі үшін марапатталды.




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 12:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31