Өркениет

Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінде үздік атанды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Режиссер Фархат Шәріповтің "18 килогерц" фильмі ХVII Қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды. Картина үздік толықметражды ойын фильмі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Сондай-ақ, картина операторлық жұмысы үшін марапатқа ие болды (Александр Плотников).

 

Еске салайық, "18 килогерц" фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавадағы Халықаралық кинофестивальде өткен болатын, онда картина сенсациялық түрде гран-при жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.

 

"18 килогерц" фильмі - 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Фильмдегі басты рольдерді дебютант актерлер сомдаған: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Кинокартина 2020 жылдың қазанында сенсациялық түрде 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің гран-приін жеңген болатын.

 

Одан бөлек, "18 килогерц" фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің "Азия киносына терезе" атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.

 

Енді алдағы күндері Алматыда фильмнің ақтық түсірілімі өтеді.

 

XVII Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан республикасының астанасында 5-10 қыркүйек аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.

 

 

 




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 20:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31