Өркениет

Қазақстандық режиссерлер технологияның адам өміріне әсері туралы фильмдер түсірді

  • Қазақстандық режиссерлер технологияның адам өміріне әсері туралы фильмдер түсірді

    Қазақстандық режиссерлер технологияның адам өміріне әсері туралы фильмдер түсірді

Айтөре Жолдасқали, Қуаныш Бейсеков және Фархат Кулбаев "Черное зеркало" телехикаясы стиліндегі үш қысқаметражды фильм түсірді. "Ұя"," Шоқан","Ояну" жобалары &mdash Astana Hub IT-стартаптар технопаркі командасы мен режиссерлердің бірлескен коллаборациясы. Фильмдер IT-технологиялардың адам өміріне әсері және олардың болашақтағы рөлі туралы баяндайды. Сондай-ақ, коллаборация аясында "OI by QADYRBAY" танымдық шоуы, "ӘЖЕлина Джоли" ойын-сауық шоуы және "IT-тің баласы" веб-хикаясы сияқты қазақ тіліндегі ютуб-жобалар ұсынылды. Әр жобаның премьерасы осы аптада Astana Hub YouTube арнасында өтетін болады. 

Жобаның атқарушы продюсері Алмас Сағынның айтуы бойынша, бұл туындылар арқылы жас режиссерлер таяу болашақтағы Цифрлы Қазақстан туралы өз ойларын жеткізгісі келді: "технологиялық прогресс адамзат өмірін жеңілдетті: бүгінгі уақытты гаджеттерсіз, Интернетсіз және күнделікті милиондаған адам еңбек ететін жаңа қосымшаларсыз елестету қиын. Бұрындары белгілі бір тапсырмалар көп күш пен уақытты қажет ететін, бүгінде бірнеше шерту жасап, смартфонның экранын сырғыта салу да жеткілікті".

 
"Ұя" фильмі ата-анасынан бас тартқан баланың оқиғасын баяндайды. Яғни жас бала кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының қысымынан қорғаумен айналысатын ұйымға жүгінеді, оған қоса, оларға басқа ата-аналарды да табуға көмектеседі. Ұлы ата-анасын лайықты адамдарға ауыстыруды көздеп жүргенде, "ата-ана рейтингісі" үшін жауап беретін маман олардың отбасына мәжбүрлі түрде қосылып, нәтижелері бойынша ата-ана құқықтары туралы түпкілікті шешім қабылданады. Фильмнің тұсаукесері 24 желтоқсан күні сағат 19:00-де Astana Hub YouTube арнасында өткен еді. Фильмдегі басты рөлдерді сомдаған &mdash Берік Айтжанов пен Айнұр Ниязова. Картинаның режиссері &mdash белгілі клипмейкер, режиссер Айтөре Жолдасқали ("Шекер" веб-хикаясы, M'Dee, Darkhan Juzz орындаушыларының клиптерінің авторы).

Режиссер Фархат Кулбаевтың "Ояну" фильмі американдық "Черное зеркало" сериалының стилінде түсірілді. Фильмнің премьерасы 18 желтоқсанда өтті. Фильм 2037 жылдағы оқиғаларды баяндайды. Әлем 4-ші өнеркәсіптік революциядан кейін жаңа жағдайларға бейімделуге тырысады. Көптеген мамандықтар жойылып, жаппай жұмыссыздыққа әкеледі, адамдар мұндай өзгерістерге дайын болмай қалады. Фильмнің басты рөлдерін сомдаған актерлер &mdash Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Әйгерім Қалмұратова. Каскадерлік трюктерді орындау үшін фильмге "Неудержимые-2" (АҚШ), "Мұстафа Шоқай" (Қазақстан), "Обратная сторона" (Қазақстан/Ресей) және басқа да фильмдермен жұмыс істеген каскадерлер командасы тартылды.

"Шоқан" &mdash режиссер Қуаныш Бейсековтың дебюттік қысқаметражды фильмі. Туындыда 2040 жыл сипатталады. Сюжет бойынша мектептердің бірінде оқушылар өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық тақырыбын зерттейді. Ол үшін оқушылар виртуалды шындық көзілдірігін киіп, өткенге үңіледі. Осы уақыт аралығында фильмнің басты кейіпкері сол кездегі қиындықтардан өтетін қызды кездестіреді. Картинаның тұсаукесері 27 желтоқсанға жоспарланған.

"Astana Hub туралы ақпаратты кеңінен тарату үшін біздің жұмысымызбен, контентімізбен және жалпы технопарк қызметімен таныс емес аудиторияны тарту қажет болды. Маркетингте қолданылатын AIDA атты сатылым техникасын пайдалануды шештік. Бұл &mdash адамдардың бір зат сатып алу немесе қандай да бір қызмет алу кезіндегі мінез-құлқының негізгі моделі. Анықтамасы мынадай: A &ndash Attention, назар аудару; I &ndash Interest, қызығушылық таныту; D &ndash Desire, ниеттену; A-Action, әрекет ету. Astana Hub қызметіне барынша назар аудару үшін креативті экономика өкілдері, яғни блогерлер мен вайнерлерді тартып, бізге деген қызығушылықты ояту, IT-технологияларға ықылас танытқандарды біздің бағдарламаларымызға қосылып, өз стартап құру арқылы бізбен бірге жұмыс істеуге, бағдарламалау мектебінде оқудан өтуге ниет білдірушілер қатарына шақыру туралы шешім қабылданды", &mdash деп хабарлады Astana Hub PR-директоры Марат Шакен.

"OI by QADYRBAY" танымдық шоуы. Жоба жүргізушісі Жансерік Қадырбаев қазақстандықтарға қатысты өзекті тақырыптарды талқылайтын интернет-блог жүргізеді. Қазірге дейін үш бағдарлама шығарылды. Мысалы, "OI by QADYRBAY" екінші шығарылымында Жансерік несие тақырыбын көтереді. Статистика бойынша 5,3 млн-нан астам қазақстандықтың несиелік берешегі бар. Әр шығарылымның соңында жоба жүргізушісі біздің қоғамның көптеген мәселелері бойынша шешімін тапқан қазақстандық стартаптар туралы әңгімелейді. Жобаның шығармашылық продюсері және сценарийінің авторы &mdash Хаким Мукарам. 

"ӘЖЕлина Джоли" ойын-сауық шоуы. Барлығы 5 шығарылым жоспарланған. Танымал блогер Шімән апа Интернеттің заманауи пайдаланушысы бола отырып, өз құрдастарына ұялы телефон арқылы тамаққа тапсырыс беру, Egov-тан анықтама алу немесе өз немерелерінің көңілін қалай көтеру керектігі туралы әңгімелейді. Жобаның жүргізушісі &mdash "Базар жоқ" кино және әзіл-сықақ театрының актері Ерболат Төлегенов, креативті продюсер және сценарий авторы &mdash Алдияр Жапарханов (блогер, "Шоу Ирина Кайратовна" резиденті). 

"IT-тің баласы" веб-сериясы. Сюжет бойынша Бақдәулет есімді жас жігіт Елордаға келіп, Astana Hub технопаркінің қауіпсіздік қызметіне жұмысқа орналасады. Бұл жерде кейіпкеріміз стартаперлермен достасып, ауылдық өмір туралы сұрақтар бойынша консультация беріп жүреді. Сериалдың режиссері &mdash Амангелді Ерғазив. 

Astana Hub &mdash это крупнейший технопарк IT-стартапов в Центральной Азии. С момента открытия технопарк проводит работы по развитию инновационной экосистемы и поддержки стартапов и IT-компаний страны. Сегодня на базе Astana Hub открыта одна из лучших в мире школ программирования alem, работают 25 R&D лабораторий отечественных и зарубежных IT-компаний, функционируют образовательные и бизнес-программы. Более подробная информация по программам технопарка доступна на официальной сайте https://astanahub.com/.   

Astana Hub &mdash Орталық Азиядағы ірі IT-стартаптар технопаркі. Технопарк ашылған сәттен бастап Инновациялық экожүйені дамыту және елдің стартаптары мен IT-компанияларын қолдау бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Бүгінде Astana Hub базасында әлемдегі ең үздік Alem бағдарламалау мектептерінің бірі ашылды, отандық және шетелдік IT-компаниялардың 25 R&D зертханалары бар, білім беру және бизнес-бағдарламалары да жұмыс істейді. Технопарктің бағдарламалары бойынша толық ақпарат https://astanahub.com/ ресми сайтында көрсетілген.

stan.kz




Көрілген: 2389    Пікірлер: 0

жұма, 25.12.2020, 14:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28