Өркениет

Қазақстандықтардың көңілін қалдырған тағы бір ұтыстың арты дауға айналды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Блогер Айман Құлымбетова Жаңа жыл қарсаңында Instagram жазылушыларының арасында Алматыдағы бизнес класс санатындағы су жаңа пәтер ұтысын ұйымдастырған. Алайда байқау ойдағыдай өтпеген. Оның себебі, ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтар екі баланың әкесінен адал ұтысты "тартып" алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

 

2020 жылдың 25 желтоқсанында Айман Құлымбетова қазақстандықтардың біріне сый жасау мақсатында Instagram желісінде пәтерді ұтысқа қойған. Ұтыс шарттары бойынша 49 демеушіге жазылып, посттың астына пікір қалдырып, телефон нөмірін жазу керек еді. Айман Құлымбетова байқаудың қорытындысын 2021 жылдың 7 қаңтарында шығарды.

 

Байқауға 300 мың қазақстандық қатысқан. Қатысушылардың айтуынша, бұл мейрам қарсаңындағы ең көлемді ұтыстардың бірі болған. Демеушілердің парақшаларына уәде етілген 20 мың емес, 190 мың жазылушы келген.

 

Байқау шарты бойынша Айман Құлымбетова пәтерді ұтқан жеңімпазына қоңырау шалуы керек еді. Егер ол телефонын көтермесе, конкурс ары қарай жалғасады делінді, осылайша ұтыс басқа адамның еншісінде кетеді. Нәтижесінде екі баланың әкесі Нұрбол Куватов жеңімпаз атанды. Блогер оның атын тікелей эфирде атап, бәрі шынайы болуы үшін телефон нөмірін көрсетеді. Алайда өкінішке қарай, ұтыс иесі хабарласу мүмкін болмаған. Сондықтан блогер байқауды жалғастырып, басқа жеңімпазды таңдаған. Ұтыс екібастұздық қызға бұйырған.

 

 

Кейінірек белгілі болғандай, блогер Айман Құлымбетова Нұрбол Куватовқа хабарласып жатқанда оған да таныс емес нөмірлер легі хабарласып, желіні босатпай қойған. Қазақстандықтардың көбі осы сәтте тікелей эфирден оның нөмірін көріп, оған хабарласа бастаған.

 

Осылайша, Нұрболдың нөмірі ұзақ уақыт бос емес болған. Кейіннен ол өзіне адамдардың хабарласқанын скриншоттар арқылы дәлелдеген. Өз Instagram парақшасында ол "әділдік іздеймін" деген жазумен наразылығын білдірген.

 

Кейіннен блогер Нұрбол Куватовпен тікелей эфирге шығып, мәселе бойынша сөйлескен. Нәтижесінде қыз өз атынан оған 300 мың теңге сыйлаған.

 

Блогердің айтуынша, егер ол Нұрболға қайта-қайта хабарласқанда басқа ұтысқа қатысушылар үшін әділетсіз болар еді.

 

"Осыған риза боласыз деп ойлаймын. Әрине, Нұрболға обал. Бірақ оның алдындағы ұтыс шыққан адамдарға да обал.. Тағдырдың жазғаны сол", - дейді блогер.

 

 

 




Көрілген: 3194    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 02:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31