Өркениет

Кеңес Одағынынан шыққан адамжегіш туралы фильм Кореяда жүлделі болды

  • Кеңес Одағынынан шыққан адамжегіш туралы фильм Кореяда жүлделі болды

    Кеңес Одағынынан шыққан адамжегіш туралы фильм Кореяда жүлделі болды

Қазақстандық "Үш" фильмі Пусан халықаралық кинофестивалінде марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Screen Daily сайтына сілтеме жасап.

Пусан халықаралық фестивалінің New Currents ("Жаңа ағын") секциясында жеңіске жеткен кинокартинада өмірде болған адам - Кеңес үкіметі кезіндегі адам етін жеген Николай Жұмағалиев туралы баяндалады. 


Фильм режиссері - Руслан Пак, басты рольдерде Асқар Ілиясов, Самал Еслямова, Ержан Түсіпов және Нұржан Садыбеков ойнайды.

Биыл "Үш" фильмі New Currents Awards жүлдесін жапониялық Харумото Дзюджиро түскен "Баланс" фильмімен бөлісті.

"Екі фильм де адамзат қоғамындағы терең ой туралы түсірілген, бірақ әрқайсы бірегей кинематографиялық тілде сөйлеген. Олар адамның әлсіздігі мен сәтсіздіктерін мойындау қажеттігі туралы маңызды және ауыр шешімге шақырады. Пандемия болса да бұл екі керемет фильм кино өнімінің үздіксіздігіне кепілдік береді", - деді режиссер Мирой Наир бастаған New Currents секциясындағы қазылар.




Көрілген: 1015    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31