Өркениет

"Кім екенін жүрегім сезеді": Индира Расылхан өзін дуалаған адам жайлы

  • "Кім екенін жүрегім сезеді": Индира Расылхан өзін дуалаған адам жайлы

Индира Расылхан өзін дуалаған адамның кім екенін сезіп жүр. Бүгінде ол сиқырдың күшін жою үшін қари кісіге оқытылуда. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші жақында "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат беріп, екінші күйеуімен айырылысып кеткенін айтқан еді. Индира жолдасын қатты сыйлайтынын, онымен қатты араздаспағанын, екеуінің екі жаққа кетуіне қандай да бір дуаның әсері болуы мүмкін екенін айтып қалды.

Өнер иесі оқырмандарына берген жауабында әзірге жалғыз екенін, бұл күйге де үйреніп қалғанын жеткізген. Ол өзін дуалаған адам жайлы айтты. 

 
"Маған дуаны кім салса да, өзіне жасаған қиянаты деп санасын. Кім екенін жүрегім сезеді. Бір адамның зұлымдығы қаншалықты екендігін Алла тексергісі келген да. Ол адам аузубилләның жетегінде еріп, мені құртудың амалымен жасаған да. Алла әділ! Алла ғажап!

Алланың қалауымен қари кісі келіп, оқып жатыр. Тәуіп, балгерлерге жоламаңыздар", - деді Индира Расылхан.

Әнші намаздың арқасында аман қалғанын атап өтті. 

"Сол намазбен Алла осы уақытқа дейін мені сақтады ғой. Аллаға сансыз шүкір. Дүниені жүрегіме байлаған адам болсам, сынып кетер едім", - деді ол. 




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 11:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31