Өркениет

«Колхозницамын!»: Айнұр Тұрсынбаева тамақтың атын білмей ұятқа қалғанын мойындады

  • «Колхозницамын!»: Айнұр Тұрсынбаева тамақтың атын білмей ұятқа қалғанын мойындады

    «Колхозницамын!»: Айнұр Тұрсынбаева тамақтың атын білмей ұятқа қалғанын мойындады

«Ой, позор» деп мен қосылдым оған. Даяшы қызды шақырып алып есімізді жимаған күйі «ОКРОШКА 2 ПОРЦИЯ» дедік.

Жеке шығармашылық кешін «Айтыстың аққуы» деген атаумен өткізген айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева инстаграм желісіндегі парақшасында жастық шағын еске алып, колхоздан шыққаны мойындады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.


Әзіл-қалжыңды ұнататын ақын қыз студент кезінде айтыстан ақша тауып, құрбысымен дәмханаға барған кезде тамақтың атауын ажырата алмай, официанттардан ұялғанын да жасырмаған.


Мәселен ол, желі былай деп жазыпты:


«Біз енді таза колхозда өскен қызбыз.Тура мағынасындағы «колхозницамын!».

1994-те Таразға колледжге оқуға түстім. Жағдайымыз онша емес, жатақханада тұрамыз. Мен арасында тойларға шығып, айтыстарға шығып ақша тауып тұрамын.


Бір күні бір тойдан 2 мың теңге алдым. Ойбой, кәдімгі миллионерсің енді! Содан жатақханада бірінші кездескен қызға «кеттік ресторанға» дегенсің ғой. «Киіміміз онша емес сияқты» деп ол кішкене қысылып қалды енді.


«Киімді қайтесің, ақша бар менде» деп мен тұрмын күшеніп. Сонымен колледжге жақын деген «Ботагөз» ресторанынан бір-ақ шықтық. Менюді алдық. Тамақтар 350 теңгеден басталады екен. Сусын ішсең одан қымбат. Терлей бастадым кәдімгідей... құрбым сезді-ау деймін, «мен лағманды жақсы көрем, давай дунганская кухняға барайық» деді.


«Ууфф» деп атып шықтым мен де. Сонымен Төле бидің бойындағы бір асханаға кіріп кеттік. Ол жерден тойып шығуға ақша былай да былай жетіп тұр. Алшаңдап кіріп бардық! Смело заказ беріп отырмыз. Бір кезде подругам ішін басып күлсін келіп, «Әй не болды?!» «Мына менюді қандай тупой жазған, окорочканы окрошка деп қойыпты» деп өліп күліп жатыр.


«Ой, позор» деп мен қосылдым оған. Даяшы қызды шақырып алып есімізді жимаған күйі «ОКРОШКА 2 ПОРЦИЯ» дедік.


Типа мазақтаған түріміз ғой енді. Сонымен сәлден соң алдымызға түсініксіз бір тамақ келді. Не сорпаға, не айранға ұқсамайды. Ішінде бірдемелер жүр тағы. Алдымен мен ішіп көрдім. Мұздай! Баж ете қалдым, «администаторды шақырыңдар!». Келді! «Мынау не сұмдық! Біздің тауығымыз қайда! Мына мұздац сорпаны тым болмаса ысытып әкелмейсіңдер ме?!» деп дікілдеп жатырмын.


Бір кезде тек администратор емес асханада отырған бүкіл жұрт шуылдап күліп кетсе бола ма?! «Жынды ма» деп қоямыз. Сонымен даяшы қыз құлағыма сыбырлап «бұл окрошка деген суық сорпа ғой» дейді.


Үндемей отырып ішіп алдық. Сүмірейіп жатақханаға қайтып келе жатсақ құрбым «Мана Ботагөзден шәй іше салу керек еді» деп міңгірлейді. Күлгеннің көкесі сол жерде басталды. Есіме түссе әлі сол, есім шығып күлемін. Сіздер де күліңіздер! Өмір деген тамаша ғой!».


Айнұр Тұрсынбаеваның бұл жазбасының астына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, ішегі түйілгенше күлгендіктерін жазды. 




Көрілген: 2079    Пікірлер: 0

сенбі, 12.10.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30