Өркениет

Көшеге пижама киіп шыққан Луина елді тәнті етті

  • Көшеге пижама киіп шыққан Луина елді тәнті етті

    Көшеге пижама киіп шыққан Луина елді тәнті етті

Сәннің артынан қуып жету мүмкін емес! Әр маусым сайын түрлі стильдегі киімдер мен аяқ киімдер трендке шығады. Жуырда Ерке Есмахан қарапайым суға арналған тәпішкелерді сәнге айналдырса, әріптесі Луина ұйықтауға арналған пижамаға деген сұранысты арттырып жіберді, деп жазады Stan.kz.

Ол көшеге киюге арналған пижамалы стильдегі киімін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Әнші көшеге және ұйықтауға арналған пижаманы шатастырып алмас үшін аруларға өз кеңесін де айтты. 

"Боянып, шашыңызды сәндеп алсаңыз, үстіңіздегіні ұйықтауға арналған киіммен шатастыру қиын. 

 
Биік өкшелі аяқ киім кисеңіз, тіптен жараса кетеді", - деген Луина бойы қысқалау болғандықтан, биік аяқ киіммен өзін ыңғайлы сезінетінін жеткізді.

"Меніңше, қоғамдық орында пижама кию үшін өте батыл әйел болу керек", - деп ой қосты ол. 

Бір қызығы, желі қолданушыларына Луинаның жаңа стилі ұнап қалды.

Ерекшеленгенді ұнататын Ерке Есмахан: "Уау", - деп таңданды. 

"Супер", "Әдемі және ыңғайлы", "Сіздің үстіңізде бәрі әдемі", "Өте әдемі", "От", - деп жазды оқырмандар.
 




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.09.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31